Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Trump-тың алтын смартфоны АҚШ-та жасалмайтын болды
Әлем жаңалықтары

Trump-тың алтын смартфоны АҚШ-та жасалмайтын болды

01.07.2025708 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Aikyn.kz бірнеше күн бұрын cnbc.com сайты жариялаған хабарламаға сүйеніп, Trump Organization ұйымының T1 смартфоны айналасындағы белгісіздікті түсіндіреді.

АҚШ президентінің ұлдары Эрик пен кіші Дональд Трамптар Trump Mobile брендінің жаңа тарифтік жоспары қосылғанын жариялады. Иллюстрация yahoo.com сайтынан алынды

АҚШ президентінің ұлдары Эрик пен кіші Дональд Трамптар басқаратын Trump Organization компаниясы 16 маусым күні Trump Mobile брендімен тарифтік жоспардың іске қосылғанын жариялады. Trump Mobile (немесе T1 Mobile) мобильді қызметі T-Mobile желісі арқылы сымсыз байланыс қызметтерін ұсынатын Liberty Mobile Wireless компаниясының негізінде жұмыс істейтін болады.

Ұялы байланыс қызметінің іске қосылуымен бір мезгілде Trump Organization ұйымы алтын түстес T1 смартфонын таныстырып, бағасы 499 доллар болады деп жариялады. Компания сайтының басты бетінде: «Біздің АҚШ-та ЖАСАЛҒАН T1 телефонымыз алдын ала тапсырысқа қолжетімді» деген баннер орналастырылған болатын. Кейін бұл өндіріс орны туралы сілтеме сайттан мүлде алынып тасталды. 

Осылайша АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі Trump Organization өзінің алғашқы смартфонының АҚШ-та жасалатыны туралы мәлімдемесінен бас тартты. Себебі 499 долларға бұндай құрылғыны Америка аумағында өндіру мүмкіндігіне қатысты күмәндер туындаған. Соған қарамастан, Trump Organization өкілдері бұл телефонның АҚШ-та жасалатынын айтуда.

Қазір T1 смартфонының веб-бетінде құрылғының «америкалықтар мақтан тұтатын дизайны бар» және «дәл осы жерде, АҚШ-та шығарылған» деп жазылған. Алайда бұл оның расында да Америкада өндірілетінін білдіре ме, ол жағы белгісіз болып тұр.

T1 алғаш жарияланған кезде сарапшылар CNBC-ге бұл құрылғы Қытайда жергілікті компания арқылы өндірілетін шығар деген пікір білдірді. Себебі АҚШ-та смартфон өндіруге қажетті дамыған жеткізу тізбегі жоқ. Ал болған күнің өзінде, көптеген компоненттерді шетелден әкелуге тура келер еді. Бұл смартфонның өзіндік құнын бірден өсіріп жіберер еді.

Трамптың саясаты – технологиялық өндірістің барлығын АҚШ-қа қайтару. Иллюстрация uk.news.yahoo.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / HuffPost

Trump Mobile өкілі Крис Уокер USA Today-ге берген мәлімдемесінде: «T1 телефондары мақтанышпен Америкада жасалады. Бұған қарама-қарсы пікірлер – шындыққа жанаспайды», – деген сөздерді қайталаған.

Смартфонның арнайы сайтында өндіріс орны ғана емес, T1 құрылғысының басқа техникалық сипаттамалары да өзгертілген. Алғашқы жарияланымда T1-де 6,8 дюймдік AMOLED экраны болатыны айтылса, қазір бұл 6,25 дюймдік AMOLED дисплейге ауыстырылған. Бұрын көрсетілген 12 гигабайт жедел жад (RAM) жайлы сілтеме де алынып тасталған.

Смартфон өндірушілері үшін құрылғының техникалық сипаттамаларын анонстан кейін өзгерту – сирек кездесетін құбылыс. Трамптың саясаты – технологиялық өндірісті қайта АҚШ-қа қайтару болатын. Бастапқыда оның назары жартылай өткізгіштер өндірісін кеңейтуге бағытталса, қазір ол смартфон өндіруге ден қойған. Сонымен қатар, ол Apple компаниясының жеткізу тізбегін мұқият зерттеп, iPhone телефонын АҚШ-та шығаруға шақырған. Сарапшылар болса, бұндай қадам АҚШ нарығында iPhone бағасын 3000 долларға дейін өсіруі мүмкін екенін ескертуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views

Трамп АҚШ медиасын сынап тастады

21.04.2026638 Views

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026530 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.