Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды
Жаңалықтар

Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды

06.08.2026639 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылғы шілдеде Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер тарапынан 141,2 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер 11,5%-ға өсті. Мұндай өзгеріс жаз мезгіліндегі еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен байланысты. Осы уақытта оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны артады. Соның нәтижесінде жұмыс күшінің ұсынысы сұранысқа қарағанда жылдамырақ өседі.

Салалар бөлінісінде жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында (23,4 мың бос жұмыс орны тіркелді). Сондай-ақ өзге қызметтер көрсету саласында (16,0 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (10,3 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (8,2 мың), өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), құрылыс саласында (5,7 мың) бос жұмыс орны ұсынылды.

Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында (8,8 мың), Түркістан облысында (7,6 мың), Павлодар облысында (7,1 мың), Алматы қаласында (7,0 мың) және Ақмола облысында (6,9 мың) жарияланған.

Біліктілік деңгейі бойынша жұмыс берушілердің сұранысында орта деңгейдегі мамандарға арналған бос жұмыс орындарының үлесі басым болып, барлық ұсыныстың 38,8%-ын құрады. Төмен біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарының үлесі 30,7%, ал жоғары білікті мамандарға арналған бос жұмыс орындарының үлесі 30,5% болды.

Шілде айында жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме жариялады. Олардың ішінде 35 жасқа дейінгі азаматтардың үлесі – 54%, бұл жаз мезгілінде оқу орындары түлектерінің еңбек нарығына белсенді шығуымен байланысты. 35–44 жас аралығындағы азаматтар – 25%, 45–54 жас аралығы – 14%, 55 жастан асқандар – 7%. Гендерлік құрам бойынша түйіндемелердің 57%-ын әйелдер, 43%-ын ерлер орналастырған.

Жұмыс күші ұсынысының біліктілік құрылымы еңбек нарығындағы сұранысқа жалпы сәйкес келеді. Орта деңгейдегі біліктілігі бар мамандардың үлесіне түйіндемелердің 38%-ы, жоғары білікті мамандарға – 38%, ал төмен біліктілікті жұмыс іздеушілерге 24% тиесілі.

Ұсынылған жалақы мөлшері бойынша шілде айындағы ең жоғары еңбекақы бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына (шамамен 1,12 млн теңге), ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспекторға (шамамен 0,91 млн теңге) және маркетинг пен өнімді өткізу бөлімінің бастығының орынбасарына (шамамен 0,90 млн теңге) ұсынылды.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер – ұшқыштар (шамамен 2,39 млн теңге), стюардессалар (шамамен 1,43 млн теңге) және электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер (шамамен 1,32 млн теңге) болды.

Жалпы алғанда, шілде айының көрсеткіштері еңбек нарығындағы маусымдық белсенділіктің артқанын көрсетеді. Жаз мезгілінде оқу орындарының түлектері еңбек нарығына жаппай шығып, жұмыс іздеушілер санының артуына ықпал етті. Сонымен қатар жұмыс берушілердің негізгі сұранысы бұрынғысынша білім беру, қызмет көрсету және денсаулық сақтау салаларында сақталуда. Жұмыс күші ұсынысының көбеюі алдағы айларда бос жұмыс орындарын қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге қолайлы жағдай қалыптастырады.

2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында жалпы 709 мың бос жұмыс орны және 877,2 мың түйіндеме жарияланған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026639 Views

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.20261 486 Views

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026225 Views
Соңғы жаңалықтар

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.2026

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

06.08.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты

06.08.2026

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

06.08.2026

Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды

06.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.