Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды
Жаңалықтар

Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды

03.09.2025336 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Соңғы жылдары Қазақстанда балалардың білім алуына заманауи жағдай жасау бағытында елеулі ілгерілеу байқалды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп салынды. Тек 2023–2024 жылдары 510 мың орынға арналған 422 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Осы шаралардың нәтижесінде еліміздегі үш ауысымды мектептердің саны 4 есе, апатты мектептердің саны 2 есе азайды, ал оқушы орындарының тапшылығы 4 есе қысқарды.

Мемлекет заманауи және қолайлы білім беру ортасын құру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жаңа оқу жылының қарсаңында өңірлерде 115 мың оқушыға арналған тағы 83 жаңа мектеп ашылды, оның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Жаңа мектептердің пайдалануға берілуі Шымкент, Алматы қалаларында, Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарында үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта елімізде 3000 мектеп бір ауысымда, 5000-нан астам мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 140 мың орынға арналған тағы 111 мектептің құрылысы аяқталады.

Жоғарыда аталған жобалардың жүзеге асырылуы еліміздің көптеген өңірлерінде үш ауысымды оқытуды жоюға және қосымша 150 мың орын тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді.

2025–2026 оқу жылында елімізде жалпы сыйымдылығы 267 мың оқушыға арналған 232 жаңа мектеп салынады. Сонымен қатар 245 мектеп жаңғыртудан өтеді, тағы 1000 ауыл мектебі модернизацияланады, ал 680 мектепке 1100 заманауи пәндік кабинет орнатылады.

Республикалық білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы да жаңартылуда. Түркістандағы «Білім-инновация» лицейінде және Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жөндеу жұмыстары аяқталды, Алматыда «Абай Ұлттық мектебі» жаңа ғимараты құрылысының аяқталуы жоспарлануда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026882 Views

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026639 Views

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026552 Views
Соңғы жаңалықтар

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.2026

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды

05.11.2026

Әбу-Дәбидегі келіссөз: Украина шекарасы қайта сызыла ма?

05.11.2026

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.