Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»2025 жылы елімізде қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2900 шақырым жол қамтылды
Жаңалықтар

2025 жылы елімізде қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2900 шақырым жол қамтылды

30.10.2025326 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Биылғы жол-құрылыс маусымында 9500 шақырым республикалық маңызы бар автожолда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2900 шақырым; күрделі жөндеумен 460 шақырым; орташа жөндеумен 5100 шақырым жол қамтылды. 2025 жылы жол-құрылыс маусымында 10 мың бірлік арнайы техника, 25 мың маман жұмылдырылып, 12 млн тонна қиыршық тас пен 544 мың тонна битум пайдаланылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Қайта жаңарту жобаларын жүзеге асыру мақсатында 3 мыңнан астам маман, 5 мыңнан астам бірлік жол-құрылыс техникасы және 40 асфальтбетон зауыты жұмылдырылды. Жыл басынан бері 2 мың шақырымда жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілді. Биылға жоспарланған маңызды жобалардың бірі – «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, 415 шақырым жолда қозғалыс ашылды», – деді спикер.

Қараша айының басында Ақтөбе облысында I санаттағы «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» учаскесінің 28 шақырымдық бөлігі ашылады. Сонымен қатар Қызылорда облысында II санаттағы «Қызылорда – Жезқазған» автожолының ұзындығы 192 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілмек.

Ал, Ұлытау облысында бүгінгі күні «Қызылорда – Жезқазған» жобасы аясында 40 шақырым жол салынды. Бұдан бөлек, 27 су өткізгіш құбыр орнату жұмыстары толық аяқталып, екі көпірде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Алматы облысында ұзындығы 67 шақырымды құрайтын I санаттағы «Құрты – Қапшағай» учаскесінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілмек.

«2025 жылдың басынан бері күрделі жөндеуден республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың 31 нысаны өтті. Олардың жалпы ұзындығы 460 шақырымды құрайды. Жылдың соңына дейін 174 шақырым жолды немесе 7 нысанды тапсырамыз. Қалған жобалар өтпелі, келесі жылы жалғасады.Орташа жөндеумен 209 нысан қамтылды. Олардың жалпы ұзындығы 5117 шақырым, оның 32 нысаны өтпелі және 177-і жаңа нысандар», – деді компанияның басқарма төрағасы.

Қазіргі таңда 800 шақырым жол, яғни 48 нысан аяқталып, қолданысқа берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202677 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.