Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Елімізде келесі жылдан бастап «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске қосылады
Жаңалықтар

Елімізде келесі жылдан бастап «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске қосылады

12.11.2025258 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы шеңберінде экономиканың басым бағыты бойынша жобалар пулын қалыптастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Инвестицияға тапсырыс» – халық арасында сұранысқа ие, көбі импортқа шығарылатын тауарларды өндіру үшін ШОБ және жеке сектордағы ірі бизнестің инвестициялық жобаларын қолдауға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама. Бұл – негізінен АӨК және өңдеу өнеркәсібі саласының тұтыну тауарлары. Мемлекет импортты алмастыру және экспортқа тауар өндіру әлеуеті жоғары перспективалық салаларды, ал өңірлер оларды жүзеге асыруға қабілетті нақты жобалар мен бизнесті айқындайды. Жобалардың тиімділігін талдау және оларды қаржыландыру «Бәйтерек» холдингінің құралдары мен тетіктері арқылы жүргізілмек.

«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлердің өндірістік әлеуетіне талдау жүргізілді. АӨК жобалары бойынша инвестициялық портфель қалыптастырылып, оған жалпы құны 4,3 трлн теңгені құрайтын 202 жоба енді», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

АӨК саласының «Инвестицияға тапсырыс» шеңберіндегі жобалар пулына тауарлы сүт фермаларын салуды жалғастыру, етті мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту, сүт, ет, тері және жүн өңдеу, жылыжай салу, көкөніс, жеміс-жидек пен картопты қайта өңдеу, қант өнеркәсібі мен астықты терең өңдеуді дамыту, балық өңдеу кәсіпорындарын құру кіреді. Осылайша, «Инвестицияға тапсырыс» нақты жобаларға және әрбір сала тиімділігіне назар аудара отырып, еліміздің импортқа тәуелділігін төмендету бойынша бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың жалғасына айналады.

Қант импортына тәуелділікті төмендету үшін «QAZAQARAB SUGAR» ЖШС және «Asyl Farms» ЖШС қант өндіру бойынша 5 жоба жоспарланып отыр. Құс еті бойынша – 24 жоба ( «AITAS KZ» АҚ, «Eco Broiler Ltd» ЖШС және басқалары), шұжық өнімдерін өндіру бойынша – «СТЕРХ» ЖШС және «С-Болашақ» ӘКК-тің 3 жобасы. Астықты терең өңдеу бойынша «Tiryaki Holding» түрік компаниясы Астанада астық және бұршақ дақылын терең өңдеу бойынша интеграцияланған агроөнеркәсіп кешенін салу жобасын жүзеге асыруда. Өңдеу қуаты – 240 мың тонна бидай мен 80 мың тонна бұршақ. Жобаның құны – $320 млн, жүзеге асыру мерзімі – 2028 жылға дейін.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков импортқа тәуелділігі жоғары тұтыну тауарларының 26 түрінің тізбесін ұсынды. Олардың қатарында мақта маталар, мектеп формасы, аяқ киім, сантехника, тұрмыстық техника, косметика және гигиена құралдары бар. Осы бағыттар бойынша 10 мыңға жуық жұмыс орнын аша отырып, 600 млрд теңгеден астам сомаға 67 инвестициялық жобадан тұратын портфель қалыптастырылды. Негізгі бастамалардың қатарында Түркістан облысында мақта маталар өндірісі, Қызылорда облысында сантехника, Қарағанды облысында жылу оқшаулағыш материалдар, Солтүстік Қазақстан облысында ДСП және ЛДСП өндірісі бар.

Жеңіл өнеркәсіпті ынталандыру үшін салықтық жеңілдікті қолдану бойынша ұсыныстар талқыланды. Барлық жоба экономикалық орындылығы мен инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін «Бәйтерек» холдингінің желісі бойынша сараптамадан өтеді. Қаржыландыру Холдингтің еншілес ұйымдары және қажет болған жағдайда екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Инвесторларды іріктеу қаржылық тұрақтылық, салалық тәжірибе және өндірісті локализациялау деңгейін ескере отырып жүргізіледі.

Қорытындылай келе, Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға бағдарламаны іске қосу үшін барлық ұйымдастырушылық-құқықтық рәсімдерді жылдам аяқтауды, сондай-ақ өңірлермен және бизнеспен бірлесіп, нақты жобаларды белсенді пысықтауды тапсырды.

«Бағдарламаның мәні қарапайым және түсінікті. Біз жаздан бастап оның барлық бағытын пысықтаудамыз. Қазір практикалық іске асыру кезеңі жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының тауарлы сүт фермаларын салу бойынша тәжірибесін тарату жобасы басталған кезде көпшілік күмәнданған болатын. Ал қазір барлығы қаржыландыру сұрайды. Бірақ ресурстар шектеулі – қаражат нақты жұмыс жүргізіліп жатқан және өміршең жобалар бар аймақтарға бөлінеді», — вице-премьер.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 928 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026719 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026593 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.