10 тамыз – Абай күніне орай Астанада ұлы ақынның әдеби-рухани мұрасын насихаттауға арналған онкүндік іс-шаралар бастау алды. Соның аясында «Абай әлемі балалар көзімен» атты қалалық көркемсурет акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өтті. Акция барысында қаладағы жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының 150-ге тарта жас суретшісі бір мезетте Абайдың өмірі, шығармашылығы, табиғат лирикасы, қара сөздері мен рухани мұрасынан шабыт алып, қиялдарын шыңдады. Балалар өз туындылары арқылы Абай әлемін шығармашылық тұрғыдан бейнелеп, оның ұлт руханиятындағы орны мен тағылымын сурет өнері арқылы жеткізе білді. Акция қорытындысы бойынша «Абай әлемі балалар көзімен» көркемсурет акциясына қатысушылардың үздік…
Автор: un_admin
Ұлытау облысында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме ашылды. Экспозиция Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасын және Ұлы даладағы қала мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін таныстырады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Көрмені Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп ұйымдастырды. Экспозицияға бірнеше тарихи кезеңді қамтитын 172 археологиялық жәдігер қойылған. Олардың қатарында I-IV ғасырларға жататын ошақтар, VII-VIII ғасырлардағы өрнектелген саптыаяқтар, XIV ғасырдағы құмыралар мен су құбырының түтіктері, сондай-ақ XVIII-XIX ғасырлардағы майшамдар мен тостағандар бар. Көрменің жеке бөлімінде Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігі және Ресей империясы кезеңінде монеталар жинағы ұсынылады. Көпшілік Қоқан мен Ферғана ақша сарайларында соғылған «Зарб Латиф…
Елімізде соңғы бес жылдың ішінде неонаталдық хирургияның қарқынды дамуының нәтижесінде күрделі операциялардан кейінгі нәрестелердің 90%-дан астамы сәтті емделуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ауыр туа біткен даму кемістіктері бар жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім көрсеткіші үш еседен астам төмендеді. Неонаталдық хирургияның дамуы, ерте диагностиканың жетілдірілуі, жоғары технологиялық емдеу әдістерінің енгізілуі және мамандандырылған дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында бұрын өмір сүру мүмкіндігі өте төмен саналған көптеген сәбидің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Мамандардың мәліметінше, ауыр туа біткен аурулары бар жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім көрсеткіші 22%-дан 6,9%-ға дейін төмендесе, операциядан кейінгі өмір сүру деңгейі 84%-дан…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Президент Әкімшілігінің келісімі және Бас прокурордың бұйрығымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Әйтімбетов Мақсат Абдурахымұлы таныстырылды. Жаңа басшыға сала жұмысына қатысты нақты тапсырмалар жүктелді. «Мақсат Абдурахымұлы өңіріміздегі құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын нығайтуға үлесін қосады деп сенеміз», — деді Мұрат Нәлқожаұлы. Мақсат Абдурахымұлы 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетінде білім алған. Еңбек жолын 2009 жылы ішкі істер органдарында бастап, әр жылдары прокуратура органдарында түрлі жауапты қызметтер атқарған. ҚР Бас прокуратурасының…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы және Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневті қабылдады. Кездесуде тараптар цифрландыру саласын дамыту мәселелерін талқылады. «Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Осыған орай саланы дамытуда бірқатар бастама қолға алынды. Маусым айында Астанадағы «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығына және бас шаһардың ахуалдық орталығына барып, ондағы жұмыспен таныстым. Сапар барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні, инновациялық жобаларды қолдау және Astana Smart City тәжірибесін қолданысқа енгізу мәселелері талқыланды. Біздің аймақтағы цифрландыру бағытындағы нысандар әр жерде, атап айтқанда, өңірлік «Қызылорда хаб» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында, IT парктің стартаптары мен…
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдауда және ілгерілетуде атқарылған шаралар талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы көлік-логистика саласындағы бастамаларға, Қызылорда қаласында жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталды. «Күні кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен еліміз үшін ең маңызды жобалардың бірі «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысы бастау алды. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын тиісті деңгейде орындап, жобаларды белгіленген мерзімде ел игілігіне табыстауымыз керек. Сондықтан жол саласына жетекшілік ететін сала басшылары жұмысты қатаң бақылаңыздар. 1-2 тамыз күндері өңірімізге Премьер-министрдің бірінші орынбасары…
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары «Тау самалы» жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Кездесу барысында балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жолдан дұрыс өту тәртібі, сондай-ақ велосипед, мопед және электр самокатын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, буллинг пен кибербуллингтің, вандализмнің, ұсақ бұзақылықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Шара соңында полиция қызметкерлері оқушыларды…
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды. Аймақ басшысы бұл тағайындау жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін жүзеге асқанын атап өтті. Еске салсақ, Конституциялық заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау институты жойылып, енді олар облыс әкімінің өкімімен, тиісті мәслихаттың келісімі негізінде тағайындалады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Аягөз аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Айбек Серікболұлы Нұғымаров Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Абай облысында аудан әкіміне жасалған екінші…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды, деп хабарлайды kznews.kz. Мемлекет басшысын Ыстықкөл халықаралық әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы әрі Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды. Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде мен 1 тамыз аралығында өтетін бейресми кездесуге қатысады. Жиын барысында Орталық Азия елдері мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өңірлік өзара іс-қимылды дамыту және мемлекеттерді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған
«Қазақмыс» Тобы өндірістік нысандарды жөндеу және жаңғырту бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жалғастыруда. 2026 жылғы ең ірі жобалардың бірі «Kazakhmys Smelting» ЖШС-ның Балқаш мыс балқыту зауытын кешенді жаңғырту болды. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 21,8 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды kznews.kz. Бағдарлама негізгі технологиялық жабдыққа күрделі жөндеу жүргізуді, энергетикалық және өндірістік инфрақұрылымды жаңартуды, сондай-ақ өндірістік үдерістің сенімділігін, тиімділігін және тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруды қамтиды. Бағдарламаның басты бағыттарының бірі негізгі металлургиялық агрегаттарға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу болды. 2026 жылы құны 5 млрд теңгеден асатын Ванюков пешіне (ПВ-1) күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Жүргізілген жұмыс жабдықтың жобалық сипаттамасын қалпына келтіріп, балқыту өндірісінің сенімділігін…
