Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Астанада 150-ге тарта жас суретші Абай Құнанбайұлының портретін бір мезетте салды

06.08.2026
10 тамыз – Абай күніне орай Астанада ұлы ақынның әдеби-рухани мұрасын насихаттауға арналған онкүндік іс-шаралар бастау алды. Соның аясында «Абай әлемі балалар көзімен» атты қалалық көркемсурет акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өтті. Акция барысында қаладағы жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының 150-ге тарта жас суретшісі бір мезетте Абайдың өмірі, шығармашылығы, табиғат лирикасы, қара сөздері мен рухани мұрасынан шабыт алып, қиялдарын шыңдады. Балалар өз туындылары арқылы Абай әлемін шығармашылық тұрғыдан бейнелеп, оның ұлт руханиятындағы орны мен тағылымын сурет өнері арқылы жеткізе білді.

Акция қорытындысы бойынша «Абай әлемі балалар көзімен» көркемсурет акциясына қатысушылардың үздік туындылары көпшілік назарына ұсынылады. Іс-шара жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы насихаттауға мүмкіндік береді.

Көркемсурет акциясы балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, көркемдік талғамын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын дәріптеуге және жас дарындарды қолдауға бағытталған маңызды мәдени-білім беру бастамаларының бірі болып саналады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.