Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫН ДАМЫТУ АЯСЫНДА САЛЫНАТЫН ЖАҢА ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.08.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы және Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневті қабылдады.
Кездесуде тараптар цифрландыру саласын дамыту мәселелерін талқылады.
«Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Осыған орай саланы дамытуда бірқатар бастама қолға алынды.
Маусым айында Астанадағы «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығына және бас шаһардың ахуалдық орталығына барып, ондағы жұмыспен таныстым. Сапар барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні, инновациялық жобаларды қолдау және Astana Smart City тәжірибесін қолданысқа енгізу мәселелері талқыланды.
Біздің аймақтағы цифрландыру бағытындағы нысандар әр жерде, атап айтқанда, өңірлік «Қызылорда хаб» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында, IT парктің стартаптары мен резиденттері облыстық жастар ресурстық орталығында, «109» және «112» қызметтері облыстық медициналық жедел жәрдем ғимаратында орналасқан.
Оған қоса Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Tumo инновациялық, «Tomorrow school» жасанды интеллект мектептерін ашу қажеттілігі туындап отыр.
Осы орайда, жалпы көлемі 5-10 мың шаршы метр болатын және барлық цифрландыру салаларын орталықтандыратын жаңа ғимараттың құрылысын бастау ұсынылды. Қазіргі уақытта «BI group» компаниясы жобаның концепциясын әзірлеуде. Қала әкімдігі жер учаскесін бөлу мәселесін қарап жатыр. Жоба құрылысына шамамен 10 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Біз Дүниежүзілік банктің осы жобаға қатысу мүмкіндігін талқылауға және Сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз. Алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыратынымызға сенімдімін», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Бүгінде жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына енгізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлесіп, еліміздегі алғашқы Жасанды интеллект институты өз жұмысын бастады. Бүгінде институтта 240 студент білім алуда. «Қызылорда хаб» оқыту орталығы соңғы үш жылда 48 стартап жобаны жүзеге асырып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 23 ақпараттық жүйе бар. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында 4 жүйе орналастырылған. Олар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.