Автор: un_admin

Бұған дейін Алматы облысындағы энергетикалық мәселелер туралы бірнеше рет жазғанбыз. Оның ішінде өңірдегі ғана емес, тұтас еліміздегі озық жобалардың бірі ретінде қабылданған Алтау қаласының дамуы да дәл осы энергетика мен инфрақұрылым жүйесіне тікелей тәуелді екені айтылған. Болжам бойынша, Алатау қаласы Қазақстанның жаңа экономикалық орталығы болуға тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны » бір қаланың болашағы ғана емес, бүкіл елдің стратегиялық маңызы бар жобасы» деп бағалаған. Мемлекет басшысының жоспары бойынша Алатау инвестиция, инновация және іскерлік белсенділіктің жаңа орталығына айналуы керек. Бірақ, «болашақ қаласын» салу үшін алдымен бүгінгі проблемаларды шешу қажеттігі айтпаса да түсінікті. Шамалы уақыт бұрын Президенттің өзі «Алатауды» дамыту жөніндегі кеңесте осы…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке қарата айтқан «Сізді тыңдасақ, өзіңізден басқаның бәрі кінәлі сияқты…» деген сөзі Үкімет отырысындағы кезекті сын емес екені анық. Бұл Алматы облысындағы энергетика және коммуналдық инфрақұрылым мәселесінің анағұрлым терең екенін білдіреді. Сондай-ақ, Үкімет басшысының сыны жергілікті басқарудың сапасына қойылған нақты баға деуге болады. Өйткені, өңірдегі проблема бір ғана конкурстың кеш өтуімен шектелмейтіні белгілі болып отыр. Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, 2025 жылдың алғашқы алты айында Алматы облысында 3,4 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілсе, тұтыну 6,1 млрд кВт сағаттан асқан. Яғни, өңір аймақта өндірілген электр энергиясынан шамамен 1,8 есе көп қуат тұтынады. Мұнан бөлек,…

Read More

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және жетілдіру – мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудың, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағыт мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға және азаматтарға қолайлы, ашық әрі қолжетімді қызмет көрсету жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты бақылау жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу және қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша жүйелі шаралар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және жетілдіру бағыты бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің Мемлекеттік…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Саланың ағымдағы көрсеткіштері талданып, жоспарланған инвестициялық жобалар пысықталды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына инвестициялық жобалардың орындалуын тұрақты бақылауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, өндірістік нысандарды жыл соңына дейін толық іске қосуды тапсырды. Сонымен қатар, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмысты жандандыру міндеттелді. Туындаған мәселелерді жедел шешіп, белгіленген көрсеткіштерді орындау керек. Өткен жартыжылдықтың қорытындысымен облыстың өңдеу өнеркәсібінде 214,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,8% артты. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге негізгі салалардағы өндіріс көлемінің…

Read More

Биылғы жылы Қазалы ауданында Жанқожа батыр атындағы № 70, С.Сейфуллин атындағы №165, Қ. Сәтбаев атындағы №216, Қ, Нұрмаханов атындағы №95, Ақсуат ауылындағы №100 және Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ошақтарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары оқу процесінің қауіпсіз және тиімді өтуін қамтамасыз ету мақсатында жазғы демалыс кезеңінде жасалуда. Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мектептерге жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын көріп, мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті. Құрылысшыларға жөндеу жұмыстарының сапасына аса мән беріп, белгіленген мерзімде жоспарланған жұмыстарды аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ білім ошақтарындағы жөндеу жұмыстары тікелей бақылауында болатынын ескертті. 6 мектепке жасалатын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 269,9…

Read More

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов 2026 жылдың І жартыжылдығында шаһарда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады. Биыл Қызылорда қаласына қарасты аумақтарда жалпы 7 819 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Егіс алқаптарында жаңа жоңышқа, қант құмайы, арпа, жаздық бидай, жүгері, судан шөбі егілсе, 2 450 гектарға көкөніс пен бақша дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл саналатын күріш 2 681 гектар алқапқа себілді. «Ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі драйвері. Сондықтан бұл салаға ерекше екпін беріледі. Вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу шаралары жүйелі жүргізілуде. Шаруашылықтарға аяқ су жеткілікті деңгейде беріліп жатыр. Сонымен қатар су ресурстарын…

Read More

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов 2026 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады. Оның айтуынша, Сыр елінің бас шаһарында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімі сақталып, барлық негізгі салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілген. «Қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын тиімді игерумен қатар, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және өндірісті әртараптандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеміз. Нәтижесінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде өсім қалыптасты. Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,8 пайызға артты. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 116,1 млрд теңгеге жетіп, айтарлықтай өсім көрсетті.…

Read More

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және зиялы қауым өкілдері Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде. Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», — деді аймақ басшысы. Шарада…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Оған қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Жауапты маусымға әзірлік бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Оған 7,8 млрд.теңге қаржы жоспарланған. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және 2 газтурбиналық қондырғы, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандық, негізгі және қосалқы қондырғылар жөнделеді. Бүгінде жұмыстың 68 пайызы орындалған. Мемлекет басшысының қолдауымен «Акса Энерджи» түрік компаниясы Қызылорда қаласында 240 МВт электр энергиясын және 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жылу-электр орталығын салды. Жоба бойынша қуатылығы…

Read More

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте егін шаруашылығының қазіргі жағдайы талқыланды. Биыл облыста 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені белгілі. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқарды, бүгінде 70 мың гектар күріш суға толық бастырылған. Жалпы 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы, 873 гектар судан шөбі, 409 гектар сүрлемдік жүгері, 373 гектар…

Read More