Автор: un_admin

Қазақстанда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында өңірлерде тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларымен қамтылған алқап көлемі артып, заманауи әрі қолжетімді суару жүйелері енгізілуде. Жетісу облысында соңғы төрт жылда заманауи суару технологияларымен қамтылған жер көлемі 4,6 есеге, яғни 34 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі таңда аталған технологиялар 43,1 мың гектар алқапта қолданылып отыр. Бұл өңірдегі суармалы жерлердің 20,5%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Биыл 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 9,4 мың гектар алқапқа заманауи суару жүйелерін енгізді. Жалпы 43,1 мың гектардың 16,9…

Read More

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 99,5 мың қазақстандық Skills Enbek кәсіби оқыту платформасында онлайн курстарды сәтті аяқтап, сертификат алды. Платформа жұмысын бастағалы бері 1,3 миллионнан астам адам тіркелген. Тек биылдың өзінде оқуға 143,4 мың адам қосылды. Ал платформада берілген сертификаттардың жалпы саны 1,29 миллионға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 2026 жылдың алғашқы жеті айында оқуды аяқтағандардың арасында әйелдер саны басым – 56 804 адам. Ерлер саны – 42 337 адам. Оқуға ең белсенді қатысып жүргендер – 36-50 жас аралығындағы азаматтар. Оқуды аяқтағандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында – 10 073 адам. Одан кейін Қызылорда облысында…

Read More

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде,  100 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Өткізудің бірінші күні 6,7 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Тамыз ҰБТ-сына биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері), шетелде орта білім алған түлектер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ сондай-ақ алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған…

Read More

Бүгін елімізде Абай күні аталып өтіп жатыр. Биыл ұлы ақын, ойшыл, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толды. Абайдың шығармашылық және философиялық мұрасы ұлттық мәдениетімізден айрықша орын алған. Ақынның шығармалары мен тағылымды ойлары әдебиет пен музыкада, театр сахнасында, музей ісі мен білім саласында кеңінен насихатталып, халқымыздың рухани қазынасына айналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Бүгінде еліміздегі 33 елді мекен Абай есімімен аталады. Қазақстанның әр өңірінде Абай атындағы 1231 көше, даңғыл және өзге де нысан мен 125 мекеме бар. Ақынның аты еліміздегі бірқатар мәдениет және білім ошағына берілген. Олардың қатарында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және…

Read More

Бүгінде миллиондаған қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді пайдаланып келеді. Электрондық медициналық анықтамалар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу және заманауи цифрлық шешімдер медициналық көмекті алу процесін азаматтар үшін ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуде. 2025 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 215 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі медициналық құжаттарды электрондық форматқа көшіру болды. Қазіргі таңда медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылды, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. 2025 жылы азаматтарға 8,5 миллионнан астам электрондық медициналық анықтама берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп. Ел тұрғындары…

Read More

Қызылордада іске қосылған қуаты 240 МВт жаңа бу-газ қондырғысы Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосқан үлесін ұлғайтуда. Станция іске қосылғаннан бері шамамен 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Бұл көлем 130 мың пәтерді бір жыл бойы электр энергиясымен қамтамасыз етуге немесе халқы 400 мыңнан астам адамды құрайтын қаланың бір жылдық электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге жеткілікті. Биыл Қазақстанда жалпы қуаты 2,6 ГВт жаңа генерация көздерін іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, 4 газ электр станциясы пайдалануға беріледі, сондай-ақ екі электр станциясын кеңейту жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңартылатын…

Read More

Құрметті отандастар! Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алады. Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым. Биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне еніп, биліктің барлық институттарын түбегейлі жаңғырту үдерісі басталды. Бұл – шын мәнінде, ұзақ мерзімге арналған даму бағдарымызды айқындайтын ерекше кезең. Көп ұзамай…

Read More

Құрылысшылар күні қарсаңында Арал қаласының орталық алаңында мерекелік гала-концерт ұйымдастырылып, өңірдің құрылыс саласында еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып, құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы құрылыс саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген құрылысшыларға ризашылығын білдірді. Мерекелік кеш барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және құрылыс саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. Шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, бөлім және мекеме басшылары, құрылыс саласының мамандары мен қала тұрғындары қатысты. Кеш барысында ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге де назар аударылып,…

Read More

Жастар күні қарсаңында белсенді жастардың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Акция барысында аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан жастарымен кездесіп, тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген жастар мен волонтерлерді марапаттады. Шараға аудан прокуроры Талғат Бектұрсынов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Баймағанбетов қатысты. Шара барысында аудан әкімі экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тазалық жұмыстарына тұрақты түрде атсалысып жүрген жастарға ризашылығын білдірді. «Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде қоғамдағы маңызды бастамалардың біріне айналды. Бұл – қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейтін игі жоба. Тазалық – бір…

Read More

2026 жылғы 1-шақырылыммен келген жас сарбаздарды әскери ортаға бейімдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде «Алғашқы қызмет күні» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас толықтыруды әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстыру, әскери қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру, әскери тәртіп пен жарғы талаптарын меңгерту, сондай-ақ олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыру. Іс-шараға бөлім командирі подполковник Ж. Беркенов, бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Б. Караманов, сондай-ақ запастағы сержант, әскери ардагер Аслыбек Ербошаев қатысты. Жиын барысында бөлім командирі подполковник Ж. Беркенов жас сарбаздарға әскери қызметтің мәртебесі мен жауапкершілігі туралы айтып, Отанға адал қызмет ету – әрбір…

Read More