Автор: un_admin

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде «Бекарыс-Агрофуд» ЖШС асылтұқымды мал шаруашылығының жұмысымен танысты. Серіктестік негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Қазіргі уақытта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, 1 000 басқа арналған бордақылау алаңы және тәулігіне 10 бас мал соятын пункт бар. Бүгінде шаруашылықта 864 бас ірі қара, 300 бас жылқы, 4 077 бас қой, 211 бас түйе және 668 бас асылтұқымды ірі қара өсірілуде. Сонымен қатар 1 500 гектар жайылымдық және 300 гектар суармалы жерге иелік етеді. Биыл шаруалар 67 гектарға күріш, 50 гектарға күздік бидай және 50 гектарға жоңышқа екті. Аймақ басшысы шаруашылықтың өндірістік әлеуетімен танысып,…

Read More

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған кенті «МАИ бекеті» шағын ауданындағы су тарату станциясын және қосылу тармағын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада аймақ басшысы аудан тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Бас прокуратураның ұйымдастыруымен 2025-2026 жылдары мемлекетке қайтарылған активтер есебінен өңірімізге 45 млрд. теңге қаржы бөлініп, 31 жоба іске асты. Оның ішінде Жаңақорған кентіндегі су тарату станциясын салуға 1,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде, 1500-ге жуық үй сапалы ауызсумен қамтылып, тұрғындар қуанышқа кенеліп жатыр. Мемлекет басшысына, Бас прокуратураға аймағымыздағы ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін Сыр жұртшылығы атынан алғысымды…

Read More

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданындағы «Абдулла» шаруа қожалығы құс фабрикасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларды атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа инвестициялар ең алдымен, еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген болатын. Бүгінде Жаңақорған ауданында тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі – «Абдулла» шаруа қожалығы құс фабрикасының ашылу рәсіміне куә болып отырмыз. Кәсіпорын құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінген, жылына 6 мың тоннаға жуық құс етін өндіреді. Өнімі аймағымыздан бөлек, көрші облыстарға да жеткізіледі. Мұнда 120 адам жұмыспен қамтылады. Осындай маңызды жобаны Жаңақорған ауданында жүзеге…

Read More

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда қаласының орталық алаңында өткен Open Air ашық аспан астындағы концертке 20 мыңнан астам тұрғын мен қала қонақтары қатысты. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Төтенше жағдайлар департаментінің 500-ге жуық қызметкері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Концерт басталар алдында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрамның қатысуымен гарнизондық саптық жиын өткізіліп, қызметкерлерге нақты міндеттер жүктелді. Концерт барысында полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланған аумақтарды үздіксіз бақылауда ұстап, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысын реттеу және кез келген төтенше жағдайға жедел ден қою бағытында қызмет…

Read More

Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасуда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 19,8 млн тонна мал азығын дайындады. Бұл алдағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жоспарлы пішен көлемінің шамамен 77%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Қазіргі уақытта 17,1 млн тонна пішен, 1,5 млн тонна пішендеме, 362,3 мың тонна құрама жем, 91,7 мың тонна сүрлем және 777,2 мың тонна сабан дайындалды. Қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жемшөп қорын қалыптастыру және сақтандыру қорын жасау мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 201,3 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастырды. Қажет болған жағдайда бұл қор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөппен қамтамасыз ету үшін…

Read More

Технологиялардың қарқынды дамуы, еңбек нарығы талаптарының өзгеруі және жасанды интеллектінің өмірдің барлық саласына кеңінен енуіне байланысты білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс 2025 жылдың қыркүйегінен бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Кейін бұл бағыттағы жұмыстың құқықтық негізі нығайтылды. 2025 жылғы қарашада «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ал 2026 жылғы мамырда орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Президент Жарлығы қабылданды. Осы құжаттарды іске асыру аясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылды. 1-4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал…

Read More

2026 жылдың басынан бері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің әлеуметтік инспекторлары кедергісіз орта қалыптастыруға қатысты заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында 609 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 205-і жоспардан тыс, 291-і профилактикалық бақылау аясында, ал 113-і прокуратураның талабы бойынша өткізілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 394 нұсқама берілді. Заң талаптарын сақтамаған тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, жалпы сомасы 47,4 миллион теңгеден асатын 200 әкімшілік айыппұл салынды. Тексерулер азаматтар күнделікті баратын түрлі нысандарды қамтыды. Атап айтқанда, 68 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым, 41 денсаулық сақтау нысаны, 127 білім беру ұйымы,…

Read More

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы шаралар жалғасуда. Бүгін өңірде әдеттегідей «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп, 22 мыңнан астам тұрғын таңмен таласа тазалық жұмысына атсалысты. Игі шарада азаматтар қоршаған ортаға қамқорлық пен жауапкершілік сезімінің үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 510 тонна қоқыс шығарылып, 282 гектар аумақ тазартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Акция барысында қоғамдық орындар мен аулалардағы қоқыс жиналып, абаттандыру жұмысы жүргізілді. Қайта өңделетін қалдық бөлек сұрыпталып, қалған қоқыс арнайы полигонға жіберілді. Сенбілікке Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, қоршаған ортаның тазалығы баршаның ортақ құндылығы екенін атап өтті. «Өзіміз өмір сүретін елді мекендердің, қалалардың, туристік орындардың таза әрі жайлы болуы әрқайсымыздың жанашырлығымыз…

Read More

Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті. Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты «Future Games 2026» халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады. Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Іс-шараға қатысушылар ұшқышсыз әуе жүйелерінің нақты жағдайда қолданылу мүмкіндіктерімен танысты. Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді. Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері үстімен ұзақтығы 5–30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды…

Read More

2026 жылғы шілдеде Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер тарапынан 141,2 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер 11,5%-ға өсті. Мұндай өзгеріс жаз мезгіліндегі еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен байланысты. Осы уақытта оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны артады. Соның нәтижесінде жұмыс күшінің ұсынысы сұранысқа қарағанда жылдамырақ өседі. Салалар бөлінісінде жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында (23,4 мың бос жұмыс орны тіркелді). Сондай-ақ өзге қызметтер көрсету саласында (16,0 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (10,3 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (8,2…

Read More