Автор: un_admin

Каспий құбыр консорциумы Қара теңізде екі танкерге жасалған шабуылдан кейін Қазақстан мұнайын тиеуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, Маршалл аралдарының туымен жүзетін Nissos Sifnos танкері айлақта дрон шабуылына ұшырап, жүк палубасында өрт шыққан. Өрт танкер экипажы мен КҚК-ның қосалқы кемелерінің күшімен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілмеген. Сондай-ақ, Новороссийск теңіз терминалына бет алған Marathi танкеріне де терминалдан шамамен 11 шақырым қашықтықта шабуыл жасалғаны туралы хабарланды. Осы оқиғалардан кейін КҚК қауіпсіздік мақсатында мұнай тиеу жұмыстарын қайта тоқтатты. Консорциум бірнеше күн бұрын ғана тиеуді қайта бастаған еді. Айта кетейік, Каспий құбыр…

Read More

Астаналық журналист, «Ведомости Казахстана» интернет-басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы Валерий Сургановқа қатысты халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Kozachkov offside телеграмм арнасы жазды. Алдын ала мәлімет бойынша, Сургановқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы, яғни «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша күдік келтірілген. Алайда, бұл дерек ресми құқық қорғау органдары тарапынан толық расталған жоқ. Жалпы, құқықтық тәжірибеге сәйкес, тұлғаны халықаралық іздеуге жариялау үшін, әдетте, тергеу органының қаулысы, адамның тергеуден немесе соттан жалтаруы сияқты процессуалдық негіздер қажет болады. Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, «Ведомости Казахстана» басылымы соңғы жылдары бірқатар резонансты журналистік материалдар жариялап келген. Егер ақпарат ресми түрде расталса, бұл оқиға…

Read More

Қазақстанның географиялық орналасуы бүгінде елдің басты стратегиялық артықшылықтарының біріне айналып отыр. Соның нәтижесінде көлік-логистика саласы отандық экономиканы әртараптандырудың негізгі драйверіне айналып келеді. Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір ретіндегі рөлін күшейтіп отырған еліміз Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық хаб болуға бағыт алды. Қазірдің өзінде аумақтан арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Соңғы жылдары әлемдік логистикалық тізбектердің қайта құрылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырды. Геосаяси өзгерістер жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы бұрынғыдан да өсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік торабына айналдыру міндетін бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл бағыттағы…

Read More

Астанада алғаш рет өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жарыстың елдер арасындағы достықты нығайтып, цифрлық технологиялар мен спортты ұштастыратын жаһандық алаңға айналатынын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның мұндай ауқымды халықаралық турнирді алғаш рет қабылдап отырғанын атап өтіп, бұл ел үшін үлкен мәртебе екенін айтты. Президенттің айтуынша, биылғы жарысқа 34 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Ол «Болашақ ойындары» классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін фиджитал қозғалысының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізіп, жоба Ресейдің бастамасымен жүзеге асқанын және оның халықаралық деңгейдегі беделді турнирге айналғанын айтты.…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстанның құрметті құрылысшысы, сала ардагері Әбдімәжит Жансақаловты 70 жас мерейтойымен құттықтады. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ел мүддесі – бәрінен биік. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» — деген болатын. Саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсету игі дәстүрімізге айналды. Бүгінгі ресми жиынымыз белгілі құрылысшы, ардақты ағамыз Жансақалов Әбдімәжит Әлмағамбетұлының мерейлі 70 жасқа толуына арналады. Сыр жұртшылығы аймағымыздың дамуына зор үлес қосып, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Өзіңіздей жерлестерімен мақтанады. Бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Алдағы уақытта үлкендік…

Read More

Бүгін Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталып, теміржол саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жол — тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән береміз», — деп саланы өркендетуді стратегиялық басымдық ретінде айқындаған болатын. Бүгінде елімізде мыңдаған шақырым жаңа теміржол желілері салынып, өткізу мүмкіндігі артуда. Сыр бойындағы болат жолдың тарихы тереңде жатыр. Бүгінде облыстың теміржол кешені заман талабына сай жаңарып келеді. Станциялар мен жол бойындағы…

Read More

Биыл Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен республикалық бюджеттен жалпы көлемі 680 млн. теңге қаржы бөлініп, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталған болатын. Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов елді мекендердегі орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарының сапасын бақылап, мердігер мекемелердің жауапты өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі Президентіміздің, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан бір мезетте 4 ауылға газ жүргізу жұмыстары бұл ауқымды жобалардың бірі екендігін айтып, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы басты талап екенін ескертті. Сондай- ақ ауылдарды көгілдір отынмен қамту жұмыстарын күзге дейін…

Read More

Желіде Махамбет Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Нұрлан Серғалиевтің ұсталғанын растады. Комитеттің мәліметінше, ректорды 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ұстаған. Филармонияның сотталған экс-директоры Алматыда ақша айырбастау пунктіне ұрлыққа түстіОқыңыз “Тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттерге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Университет заң аясында тергеу жүргізіп жатқан мемлекеттік органдарға қажет қолдау көрсетіп жатыр”, – делінген хабарламада. Оған қоса…

Read More

Мас күйде көлік жүргізіп, ұсталған қазақстандық спортшы Данияр Елеусінов бостандыққа шықты. Ол өз ісіне өкінетінін жеткізді. 28 шілде кешке Данияр Елеусіновті арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында жұбайы Алина мен достары қарсы алды. «Бұл оқиғаға қатысты айтарым, болған нәрсе болды, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы жағдайға қатты өкінемін», – деді. Еске салайық, бұған дейін Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйде көлік жүргізіп ұсталған еді. Кейін Астана әкімшілік соты Елеусіновті 20 тәулікке қамауға алып, жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырды. Данияр Елеусінов – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015).

Read More

Еліміздің экономикалық саясатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл әлемдік қаржы жүйесінің оң көзқарасын қалыптастыруда. Мысалы, Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасын әртараптандырудың ықпалын бағалады. Онда өңдеу өнеркәсібінің дамуы ел экономикасының тұрақтылығын арттырып, оны сыртқы шикізат нарығындағы ахуалға тәуелділіктен біртіндеп арылтатыны айтылған. Сарапшылардың бағамдауынша, Үкімет елдің заманауи индустриялық қаңқасын қалыптастыру үшін берік негіз қалап келеді. Яғни, Еуразиялық даму банкінің Салалық талдау орталығының басшысы Арман Ахунбаевтың пікірінше, мықты өнеркәсіп экономиканы «орта табыс тұзағынан» шығарудың негізгі тетіктерінің бірі екен. — Қазақстан қазірдің өзінде жоғары табысты елдер санатына өтуге өте жақын. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 13 740…

Read More