Автор: un_admin

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына арнайы сапармен барды. Сапар аясында Бас мүфти Тасбөгет кентінде «Ербатыр ата» атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шара Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бас мүфти өз сөзінде мешіттің қоғамдағы рухани-әлеуметтік маңызына тоқталып, Алла үйін салуға үлес қосқан азаматтардың сауабы мол екенін атап өтті. «Бұл мешіт жастардың, жалпы жамағаттың бос уақытын пайдалы іспен өткізуге, білім алып, тәрбие көкжиегін кеңейтуге, дұрыс діни түсінікпен өмір сүруге мүмкіндік береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мешiтке баруды әдетке айналдырған адамды көрсеңiздер, оның иманды екенiне куәлiк етіңдер. Хақ Тағала…

Read More

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберпол басқармасының қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, Халықаралық жастар күніне арналған ашық аспан астындағы концерт барысында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтық қылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келіп түсетін күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қызылорда облысында тұрақты түрде жүргізілуде. #ЗаңМенТәртіп #Қызылорда #ИнтернетАлаяқтық…

Read More

Бүгін Қызылорда қаласының орталық алаңында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған жастар онкүндігінің қорытынды шарасы өтті. Онкүндік «Жастармен бірге!» атты ауқымды Open Air форматындағы мерекелік концертпен түйінделді. Ашық аспан астында өткен мерекелік кешке 12 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар жиналды. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қатысып, өңір жастарын мерекемен құттықтады. «Жастар – елдің ертеңін күтетін буын ғана емес, бүгінгі қоғамның қозғаушы күші. Мереке қарсаңында соңғы он күн ішінде өңірімізде жастардың білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілетін шыңдауға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл –…

Read More

Бүгін, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Арал қаласында ашық аспан астында жастарға арналған «OPEN AIR» мерекелік гала-концерті өтті. Жастықтың жалынды рухы мен өнердің өрісін тоғыстырған кеште ауданның талантты жастары өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында елдің ертеңі – қазақ жастарына арналған рухты әндер шырқалып, түрлі би қойылымдары ұсынылды. Ауданымыздың өнерпаздары, әншілері, бишілері, жайдарманшылары мен жас ақындары сахна төрінде өнер көрсетіп, туған жердің талантқа бай екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әсіресе, ауданымыздың атын облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде танытып жүрген спорт, мәдениет, шығармашылық бағыттағы жастардың жетістіктері көпшілікке таныстырылды. Мәдениет пен өнер саласында облыстық, республикалық,…

Read More

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің 8,9%-ға (53,2 млн тонна) төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылмалылығына қарамастан, өсу орнықтылығында көрінетін оң динамикаға қол жеткізілді. Экономикалық өсу шикізаттық емес сектор есебінен қолдау тауып, Ұлттық экономика министрлігінің есептеуінше, биылғы жеті айда 5,4%-ға өскен, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Экономиканың негізгі сегменті – өңдеу өнеркәсібі – 9,0%-ға жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бұл ретте машина жасау (22%), тамақ өнімдерін өндіру (13,9%), химия өнеркәсібі (26,9%), фармацевтика (38,5%), құрылыс материалдары (9,4%), дайын металл бұйымдары (35%) өңдеудегі өсу қарқыны бойынша көшбасшы. Құрылыста (15,3%), көлікте және қоймада…

Read More

Соңғы жылдары Қазақстанда білім мен ғылымға салынатын инвестиция көлемі бес есеге, ал білім беру жүйесінің бюджеті үш есеге артты. Студенттердің шәкіртақы мөлшері екі есеге ұлғайып, білім беру гранттарының саны бір жарым есеге өсті. Сонымен қатар студенттер жатақханаларының инфрақұрылымы да жүйелі түрде дамып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді. Оның айтуынша, 250-ден астам студенттер жатақханасының салынуы нәтижесінде орын тапшылығы алты есеге қысқарды. Бүгінде студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған. Сонымен қатар алдағы уақытта қазіргі орын тапшылығын толық жою жоспарланып отыр. Евгений Кочетов жастардың білімге деген жаңа сұранысын қалыптастырып жатқанын атап өтті. «Жастардың 62,9%-ы…

Read More

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында 7 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 миллионнан астам жас қазақстандық қатысты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді. Оның айтуынша, жастардың азаматтық белсенділігі Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға қатысуынан көрінеді. Бүгінде елімізде жүздеген жастар ұйымы мен 300 мыңнан астам волонтер жұмыс істейді. Жастардың белсенділігі әсіресе «Таза Қазақстан» бастамасы аясында айқын байқалады. Мұнда патриотизм құр сөзбен емес, өз ауласына, көшесіне, қаласы мен еліне деген нақты жауапкершілік арқылы көрініс табады. Бұл бағытта «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» негізгі құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша жүйелі…

Read More

Мемлекет ғылым, мәдениет, шығармашылық, қоғамдық қызмет және жаңа индустриялар бағытында жастардың қабілеті мен бастамаларын қолдауға басымдық беріп отыр. ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың мәлімдеуінше, қазір елімізде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы және жастарды қолдаудың басқа да тетіктері бар. Биылдың өзінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 2 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға көп. Үздік отыз жобаға 3 млн теңгеден грант беріледі. Бұны ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, 2 мыңнан астам өтінімнің түсуі мыңдаған жастардың ғылым,…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты. Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.

Read More

Отын-энергетика кешенін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады. Негізгі бағыттардың бірі – газ желілеріне қосылу рәсімдерін онлайн форматқа көшіру, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. «QazaqGaz Aimaq» АҚ техникалық шарттарды (ТШ) алу қызметін цифрлық форматқа көшірді. Бүгінде жыл сайын түсетін 120 мың өтінімнің шамамен 80%-ы, яғни 95 мыңға жуығы онлайн режимде өңделеді. Халық үшін бұл мүмкіндік 2023 жылдан бастап eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді болса, 2025 жылдан бастап заңды тұлғаларға да ұсынылды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа тұтынушыларға қолайлы болу үшін техникалық шарттарды алу процесі толықтай онлайн форматқа көшірілді. Техникалық шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде беріледі: техникалық жағынан күрделі…

Read More