Автор: un_admin

Қазақстанда сауда саласына және онымен байланысты бағыттарға инвестициялар тартудың оң динамикасы сақталуда. 2026 жылдың қаңтар және шілде айларының қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 637,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі. Оң динамика бірқатар өңірлерде байқалады. Әсіресе Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында, Қостанай облысында, Абай облысында, Маңғыстау облысында және Алматы қаласында өсімнің жоғары қарқыны тіркелді. Сонымен қатар, Алматы инвестициялық белсенділіктің ірі орталықтарының бірі болып қала береді: жеті айда қалаға 204,3 млрд теңге  инвестиция тартылды. Елеулі инвестиция көлемі Түркістан облысында да тіркеліп, 88,7 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылымында ең үлкен үлес көтерме және бөлшек…

Read More

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағыттары бойынша жалпы сомасы 48,7 млрд теңгеге бес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны (ӘКК) қаржыландырды. Қаражат кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге асыл тұқымды мал басын сатып алуға кредит беруге арналған. Бағдарламаға қатысатын ӘКК тізбесі кеңейтілуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Ақмола облысындағы «KOKSHE» ӘКК, Жамбыл облысындағы «Тараз» ӘКК, Батыс Қазақстан облысындағы «Aqjaiyq» ӘКК және Солтүстік Қазақстан облысындағы «Солтүстік» ӘКК, Ұлытау облысындағы «Ұлытау» ӘКК қаржыландыруға қол жеткізді. «Игілік» пен «Береке» шеңберінде фермерлер қарыз қаражатын асыл тұқымды мал сатып алуға жұмсай алады. Қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 6%, қарыз сомасы 5 млрд теңге. Қаржыландыру мерзімі 84 айға, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу…

Read More

Енді балаларға үйде көрсетілетін үйреншікті әлеуметтік қызметтермен қатар, бейінді мамандардың қашықтан көмегі де ұсынылады. Бұл тәсіл балалар мен олардың отбасыларына қажетті көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Әсіресе аудан орталығынан немесе облыс орталығынан шалғай елді мекендерде тұратын отбасылар үшін мұндай қолдау маңызды болмақ, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жобаның алғашқы кезеңінде мүгедектігі бар 180 балаға дейін қамту жоспарланып отыр. Қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Ол үшін баланың заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет. Барлық балаға бірдей тәсіл қолданылмайды. Әр баланың жағдайы жеке бағаланып, қажетті көмектің түрі мен көлемі соған қарай белгіленеді. Әлеуметтік қызметкер алдымен балаға қандай көмек қажет екенін…

Read More

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жаңақорған–Шалқия автожолы бойында «Таза өлке – ортақ жауапкершілік» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру және аудан аумағын көркейту. Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық белсенді жас пен «Жаңарған Жаңақорған жастары» ұйымының мүшелері қатысып, ауданға кіреберіс саналатын Жаңақорған–Шалқия автожолында айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жастар тазалық пен тәртіпті сақтау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Белсенді жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысудың…

Read More

Қазақстанда аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында 1:200 000 масштабындағы өңірлік зерттеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. 2026 жылдың соңына дейін геологиялық-геофизикалық зерттелген аумақты 2,2 млн шаршы км-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 25 нысандағы жұмыстарды аяқтау көзделген. Негізгі бағыттардың бірі – 1:50 000 масштабындағы геологиялық түсірілімге – ГС-50-ге көшу. 2026 жылы алтын, мыс, полиметалдар, сирек жер элементтері, литий, вольфрам, молибден және басқа да стратегиялық пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерін анықтауға бағытталған 20 жобаны іске асыру басталды. Сонымен қатар Солтүстік Торғай және Шу-Сарысу аз зерттелген шөгінді бассейндері аумағында 2Д…

Read More

29 тамызда Ақтау қаласында «SHUBAT FEST-2026» ұлттық шұбат фестивалі өтеді. Фестиваль Қазақстандағы үздік шұбат өндірушілерін анықтауға, дәстүрлі сусынды дәріптеуге және түйе шаруашылығы өнімдерін танымал етуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Фестиваль Министрлік бекіткен 2026 жылғы республикалық туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген және Ұлттық оқиғалар күнтізбесінің негізгі іс-шараларының қатарына кіреді. Бұл оның еліміздің туристік әлеуетін ілгерілетудегі жоғары мәртебесін айқындайды. Шара аясында шұбаттың үздік өндірушісін анықтайтын негізгі конкурс өтеді. Сонымен қатар түйе сүтінен жасалған құрт, балқаймақ, десерт, балмұздақ және түйе сүті қосылған кофе мен коктейль сияқты өнімдер бойынша арнайы номинациялар ұйымдастырылады. Конкурсқа түйе шаруашылығы өнімдерін өндіретін жеке және заңды тұлғалар, шаруа…

Read More

Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі бастауыш білім беруді жетілдіруге ерекше басымдық беріп отыр. Басты мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, білім мазмұнының сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету және әр баланың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарады. Бағалау тәсілін қайта қарауға ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, білім мазмұны өзгерген сайын бағалау тәсілі де жаңарып отыруға тиіс. «Бағалау баланың…

Read More

Бастауыш сыныптардағы бағалаудың жаңартылған тәсілін барлық білім беру ұйымдарында бірізді қолдану үшін педагогтерге орталықтандырылған әдістемелік қолдау көрсетіледі. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Бағалау орталығы бағалаудың бірыңғай талаптары мен тәртібін айқындайды. Бағалау орталығы педагогтерге әдістемелік ұсынымдар мен тапсырма үлгілерін ұсынады. Сондай-ақ оқушылардың оқу нәтижелерін зерделеп, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетеді. Бағалау нәтижелері ата-аналарға қолжетімді болады. Аралық бағалау нәтижелері электронды немесе қағаз журналда тіркеледі. ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. «Нәтижелер туралы ақпарат оқушыға және оның ата-анасына немесе заңды өкіліне қағаз немесе электронды форматта ұсынылады. Баланың жеке ерекшеліктері ескеріледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды…

Read More

ҚР Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «PetroRetail» ЖШС-нің еліміз аумағында заманауи жол бойындағы сервис нысандарының желісін дамытуға бағытталған инвестициялық жобасын іске асыруға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Инвестициялық жоба аясында 2029 жылдың соңына дейін жол бойында 60 заманауи сервис нысанын салу жоспарлануда. Олардың құрамына автожанармай құю және электр қуатымен зарядтау станциялары, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер, TIR тұрақтары және қонақүйлер кіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жобаны іске асыру жол бойындағы сервистің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ көлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Жобаны кеңейту аясында іскерлік белсенділігі жоғары орталықтарда, қалаларда және туристік маңызы…

Read More

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты. Президентке экономиканың қазіргі ахуалы туралы баяндалып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, 2027-2029 жылғы республикалық бюджет параметрлері жөнінде мәлімет берілді. Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы…

Read More