Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026

Бүгін Қызылорда қаласының орталық алаңында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған жастар онкүндігінің қорытынды шарасы өтті.

Онкүндік «Жастармен бірге!» атты ауқымды Open Air форматындағы мерекелік концертпен түйінделді. Ашық аспан астында өткен мерекелік кешке 12 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар жиналды.

Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қатысып, өңір жастарын мерекемен құттықтады.

«Жастар – елдің ертеңін күтетін буын ғана емес, бүгінгі қоғамның қозғаушы күші. Мереке қарсаңында соңғы он күн ішінде өңірімізде жастардың білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілетін шыңдауға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл – жастар саясатының бір күндік науқаны емес, жүйелі әрі тұрақты бағыт екенін көрсетеді. Сыр жастары қай кезде де елдік бастамалардың бел ортасынан табылып келеді», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Жастар мерекесіне арналған онкүндік аясында өңір жастарының басын қосқан қоғамдық, мәдени, спорттық, шығармашылық және танымдық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Басты назар жастардың белсенділігін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарын насихаттауға арналған мазмұнды кездесулер мен түрлі акциялар, интеллектуалдық ойындар, пікірталас алаңдары және шығармашылық жобалар өткізілді.

Аталған бастамалар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

Кеш барысында жергілікті өнерпаздармен қатар, қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары MYNBAY, Қайрат Түнтеков және Досбол Нұрылла өнер көрсетіп, көпшілікке танымал әндерін орындады. Танымал орындаушылардың өнері мерекелік кештің ажарын ашып, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осылайша, Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік Қызылордадағы ауқымды «Жастармен бірге!» Open Air концертімен қорытындыланып, жас буынның жалынды үні мен шығармашылық қуатын, белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйін тоғыстырған жарқын мерекеге айналды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.