Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

11.08.2026
Отын-энергетика кешенін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады. Негізгі бағыттардың бірі – газ желілеріне қосылу рәсімдерін онлайн форматқа көшіру, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ техникалық шарттарды (ТШ) алу қызметін цифрлық форматқа көшірді. Бүгінде жыл сайын түсетін 120 мың өтінімнің шамамен 80%-ы, яғни 95 мыңға жуығы онлайн режимде өңделеді. Халық үшін бұл мүмкіндік 2023 жылдан бастап eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді болса, 2025 жылдан бастап заңды тұлғаларға да ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа тұтынушыларға қолайлы болу үшін техникалық шарттарды алу процесі толықтай онлайн форматқа көшірілді. Техникалық шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде беріледі: техникалық жағынан күрделі емес нысандар үшін – 5 күн ішінде, техникалық жағынан күрделі нысандар үшін – 10 күн ішінде.

Келесі кезең – газ тарату желілеріне тікелей қосылу процесін, оның ішінде желіге қосу және газ жіберу жұмыстарын цифрландыру. Бұл қызметтерді келесі жылы автоматтандырып, цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта желілерге қосылу қызметі Астана қаласында пилоттық режимде онлайн көрсетілуде. 2026 жылдың соңына дейін сервисті Алматы қаласы мен Атырау облысында енгізу жоспарланған. Бұдан кейін жоба еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.