Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026
ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің 8,9%-ға (53,2 млн тонна) төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылмалылығына қарамастан, өсу орнықтылығында көрінетін оң динамикаға қол жеткізілді. Экономикалық өсу шикізаттық емес сектор есебінен қолдау тауып, Ұлттық экономика министрлігінің есептеуінше, биылғы жеті айда 5,4%-ға өскен, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Экономиканың негізгі сегменті – өңдеу өнеркәсібі – 9,0%-ға жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бұл ретте машина жасау (22%), тамақ өнімдерін өндіру (13,9%), химия өнеркәсібі (26,9%), фармацевтика (38,5%), құрылыс материалдары (9,4%), дайын металл бұйымдары (35%) өңдеудегі өсу қарқыны бойынша көшбасшы. Құрылыста (15,3%), көлікте және қоймада (7,4%), саудада (5,9%), ауыл шаруашылығында (5%), байланыста (4,3%) айтарлықтай өсуге қол жеткізілді.

Алдыңғы жылдары экономиканың өсу қарқыны шикізат секторының динамикасына қатты тәуелді болды. Өндірудің баяулауы ЖІӨ-нің өсуін тежесе, жеделдеуі, сәйкесінше, күшті өсу қарқынына жол ашты. Өнеркәсіптік әлеуетті нығайтып, даму институттарының рөлін күшейту, транзиттік, автомобиль және теміржол инфрақұрылымын дамытып, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ-ты қолдау, шикізаттық емес бағыттарға инвестицияларды арттыру арқылы экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандыру соңғы жылдары экономикадағы мұнай секторының рөлін айтарлықтай төмендетті (2025 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 7,8%-ға дейін қысқарған).

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.