Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Президент жазушыны мерейтойымен құттықтады
Басты жаңалықтар

Президент жазушыны мерейтойымен құттықтады

01.11.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Сіз көп жыл бойы ұлт­тық әдебиетіміз бен мәде­ниеті­мізді өркендетуге сүбелі үлес қосып келесіз. Қаламы­ңыз­дан шыққан тартымды туын­дыларға заманның үні, қоғамның тынысы және адамдардың жан дүниесі мен асыл қасиеттері арқау болды. Сіздің қолтаңбаңызда қайсар мінезді абзал ана, қайраткер әйел бейнесін жасаудағы суреткерлік шеберлігіңіз анық байқалады. «Мәңгілік бала бейне», «Фариза», «Бопай ханым» және басқа драмалық шығармаларыңыз театр сахнасында қойылып, көрермен тарапынан жоғары бағасын алды. Алдағы уақытта оқырмандарды жаңа туындыларыңызбен қуанта беруіңіз үшін Сізге шығармашылық шабыт тілеймін», делінген Мемлекет басшысының құттықтауында. М.Әшімбаев өз сөзін­де Р.Мұ­қанованың шығар­машылығы қазақ әдебиетінің қазынасына айналған нағыз классика екенін атап өтті. Қаламгердің туындылары мен көптеген пьесасы оқыр­ман қауымның жоғары бағасын алып, шетелдерде де мойындалғаны белгілі. Оған жазушы шығармаларының халықаралық фестивальдерде алған жүлделері айқын дәлел. «Роза Мұқанованың туын­­­ды­­ларында әйел тағ­дыры ай­рықша орын алады. Сондай-ақ қаламгер ру­ха­ни мәселелерге назар аударып, адамгершілік, ізгілік, мейі­рім­ділік сияқты дұрыс құнды­лық­тарды дәріп­теуге басымдық береді. Шығар­маларының басым бөлігі шетелдерде де кеңі­нен танымал. Олардың көбі театр сахна­ларында қойылып жүр. Осы­лайша, Роза Қажыға­лым­­­қызы өз туындылары арқы­лы қазақ драматургиясы мен мә­­де­­ниетін дамытуға үлкен үлес қосты», деген М.Әшімбаев жазу­­шыға зор денсаулық, бақ-береке және сарқылмас шабыт тіледі. Сонымен қатар іс-шара барысында зиялы қауым өкіл­дері, қаламгерлер және қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, мерейтой иесінің шығармашылық өмірі туралы айтты және жылы лебізін білдірді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.