Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті
Жаңалықтар

Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті

03.03.2026173 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық әртүрлілікті сақтау және оны орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдаманы қабылдады. Бұл – табиғатты қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру және биоәртүрлілікті ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Тұжырымдаманың қабылдануы Қазақстанның 1994 жылы ратификацияланған Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға бағытталған. Бұл құжатқа сәйкес қатысушы елдер ұлттық стратегиялар әзірлеуге міндетті. Сонымен қатар, Тұжырымдама 2050 жылға қарай табиғатпен үйлесімділікті қалпына келтіруге бағытталған Куньмин-Монреаль жаһандық биоәртүрлілік бағдарламасының ауқымды мақсаттарын іске асырудың негізі.

Тұжырымдама Мемлекет басшысының бастамаларына тікелей қолдау көрсетіп, «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асырады. Оның идеологиясы тәсілді түбегейлі өзгертуге негізделген: яғни келтірілген залалдың салдарымен күресуден – проактивті басқаруға және табиғи капиталдың таза өсімін қамтамасыз етуге көшуді көздейді.

Тұжырымдама 8 негізгі бағытты және 13 нысаналы индикаторды қамтиды.

Бірінші бағыт – біртұтас экологиялық желіні және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту. Мұндай аумақтарды құру өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің нысандарын сақтаудың ең тиімді тетігі әрі жалпыәлемдік тәжірибесі болып табылады.

Жалпы, 2035 жылға қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемін 31 млн гектардан 33,2 млн гектарға дейін ұлғайту көзделген.

Екінші бағыт – ормандарды күзету мен молайтудың тиімділігін арттыру, орманды орнықты пайдалануды дамыту.

Қолда бар ормандарды сақтай отырып және орман дақылдарын отырғызу көлемін ұлғайту арқылы еліміздің орманмен қамтылған аумағын 14,7 млн гектарға жеткізу жоспарлануда (қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 13,9 млн гектарды құрайды).

Тағы бір маңызды бағыт – ағаш ресурстарын ұтымды пайдалану. Тұжырымдамада отандық ағашты терең өңдеуді енгізу және 2035 жылға қарай ағаш өңдеу саласының өнімін бес есеге арттыру қарастырылған.

Үшінші бағыт – жануарлар дүниесін мониторингілеу, қорғау және орнықты пайдалану жүйесін жетілдіру.

Бұл ретте Тұжырымдамада Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтауға және олардың санын тұрақты түрде арттыруға, сондай-ақ аңшылық (оның ішінде трофейлік аңшылық) нысаны болып табылатын жабайы жануарларды орнықты пайдалануға бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған.

Төртінші бағыт – ихтиофауна және табиғи балық ресурстары. Бұл салалар мониторинг жұмыстарын күшейтуді және қауіп-қатердің барлық түрлерін терең зерттеуді талап етеді.

Бесінші және алтыншы бағыттар өсімдіктер дүниесі бойынша ауқымды жұмыстарды, сондай-ақ жайылымдардың тозуы сияқты өзекті мәселені қамтиды. Мониторинг, түгендеу және озық ғылыми негізделген шешімдерді қолдану – қазіргі сын-қатерлерге қарсы тұрудың негізгі жолдары болып табылады.

Соңғы екі бағыт биоәртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың бүкіл жүйесінің негізі мен діңгегі. Биоәртүрлілік туралы барлық деректерді жинақтау және жүйелеу, сондай-ақ индикаторлардың тиімді жүйесін құру осы бағыттағы ұзақ мерзімді стратегияны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қабылданған Тұжырымдама Қазақстанның Орталық Азиядағы табиғатты қорғау саласындағы көшбасшылығын нығайтады. Сонымен қатар, ол орнықты әрі үйлесімді болашақ құруға бағытталған жаңа ұлттық және халықаралық серіктестіктер үшін бірегей платформа қалыптастырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.