Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026

Астанада алғаш рет өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жарыстың елдер арасындағы достықты нығайтып, цифрлық технологиялар мен спортты ұштастыратын жаһандық алаңға айналатынын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның мұндай ауқымды халықаралық турнирді алғаш рет қабылдап отырғанын атап өтіп, бұл ел үшін үлкен мәртебе екенін айтты.

Президенттің айтуынша, биылғы жарысқа 34 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Ол «Болашақ ойындары» классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін фиджитал қозғалысының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізіп, жоба Ресейдің бастамасымен жүзеге асқанын және оның халықаралық деңгейдегі беделді турнирге айналғанын айтты. Сондай-ақ ашылу рәсіміне Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың қатысқанына назар аударды.

Президент сөзінде Қазақстанның цифрландыру бағытына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, елде Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заң қабылданған, ал жаңа Конституцияда жасанды интеллектіні дамыту және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау бойынша кепілдіктер бекітілген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы AI-Sana бағдарламасы арқылы жүздеген мың қазақстандық цифрлық дағдыларды меңгергенін, биыл күзде Астанада Жасанды интеллект университеті ашылатынын, елімізде нейрожелі көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі өтетінін, келесі жылы елордада Халықаралық киберспорт федерациясының қолдауымен әлемдік турнир ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, «Болашақ ойындарының» басты миссиясы – адамдарды жаңа жетістіктер жолында біріктіріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымдастырушыларға, төрешілерге, бапкерлерге, еріктілерге және серіктестерге алғыс айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирін ресми түрде ашық деп жариялады.

Анықтама: «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Жарыста спортшылар фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds бойынша бақ сынайды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.