Автор: un_admin

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен және облыс әкімінің бастамасымен қолдауымен ауданымызда инфрақұрылымдық жобалар жүйелі жүзеге асырылып, экономиканың негізгі салаларында тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар кезең-кезеңімен іске асырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім қалыптасты. Бүгінде өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Read More

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім қалыптасты. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің барлығы жоспарлы деңгейде орындалды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 110,7%, өңдеу өнеркәсібі – 100,1%, негізгі капиталға тартылған инвестициялар – 113,2% (11 млрд 872,0 млн теңге), бөлшек сауда көлемі – 100,3% (1 млрд 584,4 млн теңге), ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 101,9% (3 млрд 337,7 млн теңге), пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 100,5% (14 914 шаршы метр), құрылыс жұмыстарының көлемі – 108,7% (6 млрд 143,1 млн теңге) болды. 2026 жылға аудан бюджеті 7,0 млрд теңге көлемінде бекітіліп, бірінші жартыжылдықта 9,2 млрд теңгеге нақтыланды. Есепті кезең қорытындысымен…

Read More

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданда 2 541 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 2 471-і, яғни 91,5 пайызы нақты жұмыс істеп тұр. Есепті кезеңде қаржы институттары арқылы кәсіпкерлердің жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 56 жобасы қаржыландырылды. Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ арқылы жалпы құны 234 млн теңгені құрайтын 37 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 39 жаңа жұмыс орны ашылды.

Read More

Үстіміздегі жылы ауданда 70 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба жоспарланып оның ішінде 5 жоба жүзеге асырылып 120 жұмыс орны құрылды. Ауданымызда аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ірі жобамыз швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және мақсарыны өсіру және қайта өңдеу жобасы. Жобаның жалпы құны 68 млрд. теңгені құрайды. Жоба жүзеге асырылған уақытта жылына 42 мың тонна техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері, 20 мың тонна мақсары өндірілетін болады. Жоба аясында 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады. Биылғы жылға 5000 гектар жүгері, 2000 гектар мақсары егіліп, 142 дана жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс жасауда.…

Read More

Аймақтың табиғи-климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке, оның ішінде күріш егісіне бейімделген. Аудандағы 359 шаруашылықтың 223-і егінмен және 136-сы мал шаруашылығымен айналысады. 2026 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес барлығы 41 864 гектар жерге егіс орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 16 618 гектарды құрайды. Шаруашылықтар тарапынан биылғы жылы 147 млн. теңгеге 3 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Егін шаруашылығымен бірге ауданда мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. Аудан көлемінде барлығы 34321 бас мүйізді ірі қара, 28281 бас уақ мал, 38020 жылқы, 796 бас түйе, 9528 бас құс өсірілуде.

Read More

Жалағаш ауданында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң нәтижемен қорытындыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Ардақ Ибраимов мәлімдеді. Жыл басынан бері аудан экономикасының негізгі бағыттарында тұрақты өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 110,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 100,1 пайызға, инвестициялар көлемі 113,2 пайызға жетті. Сонымен қатар бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй пайдалануға беру көрсеткіштері де жоспардан жоғары орындалған. «Бірінші жартыжылдықта аудан бюджеті нақтыланып, толық көлемде игерілді. Бұл инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Бүгінде ауданда 2541 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін айтып, әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобалар туралы сауалдарын қойды. Бұдан кейін аймақ басшысы Әйтеке би кентінде бой көтерген жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. «Бүгінде өңірімізде Мемлекет басшысының қолдауымен ауылды дамыту, аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Міне, Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Әйтеке би кентіндегі кезекті дене…

Read More

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері 69 бала суға батып көз жұмған. Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды kznews.kz. Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған немесе арнайы жабдықталмаған жерлерде тіркелген. ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов тұрғындарға тек рұқсат етілген және қауіпсіз жағажайларда шомылу қажеттігін ескертті. «Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар. Оларға бейтаныс жерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер. Сондай-ақ аптап ыстықтан кейін суық суға бірден түсуге болмайды», – деді ол. Министрлік рұқсат етілмеген жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды. Жыл басынан бері талапты бұзған 2700-ден астам…

Read More

Орталық сайлау комиссиясы бүгін «Әділет» партиясының Құрылтай сайлауына қатысу үшін ұсынған партиялық тізімін тіркеді. Тізімде барлығы 186 кандидат бар. Оның ішінде 72 әйел, 114 ер адам тіркелген. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас. Партиялық тізімде заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, педагогтер, медицина мамандары, цифрлық технология, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық сектор өкілдері бар. Олар партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес сайлауға қатысады. Айта кетейік, «Әділет» партиясын Әділет министрлігі 2026 жылғы 1 маусымда тіркеген болатын. Бұл – партияның Құрылтай депутаттарын сайлауға алғаш рет қатысуы. Ал Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Агитациялық кезең басталғаннан кейін партия өкілдері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен кездесулер…

Read More

Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалы қарсаңында командаластары мен жанкүйерлеріне арнап әсерлі жазба жариялады.  «Осы жылдардағы ең керемет нәрсе — жеңіп алған атақтарымыз ғана емес, бірге жүріп өткен жолымыз. Осы командамен өткізген әр күніміз, бірге қатысқан жарыстарымыз, еңсерген қиындықтарымыз және әрбір сәттен алған ләззатымыз ерекше болды. Әрбір командаласыма, бапкерлер штабына және құрамамыздың бір үлкен отбасы болып қалуы үшін күн сайын барын салып жүрген барлық адамға алғыс айтамын. Қалай болғанда да, бұл команда біз ешқашан ұмытпайтын әрі ешкім өшіре алмайтын тарихты жазып үлгерді. Алға, Аргентина!» — деп жазды Месси әлеуметтік желідегі парақшасында.

Read More