Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

06.08.2026
2026 жылдың басынан бері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің әлеуметтік инспекторлары кедергісіз орта қалыптастыруға қатысты заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында 609 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 205-і жоспардан тыс, 291-і профилактикалық бақылау аясында, ал 113-і прокуратураның талабы бойынша өткізілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 394 нұсқама берілді. Заң талаптарын сақтамаған тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, жалпы сомасы 47,4 миллион теңгеден асатын 200 әкімшілік айыппұл салынды.

Тексерулер азаматтар күнделікті баратын түрлі нысандарды қамтыды. Атап айтқанда, 68 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым, 41 денсаулық сақтау нысаны, 127 білім беру ұйымы, 280 әлеуметтік қорғау нысаны, 4 мәдениет мекемесі, 5 спорт нысаны, 5 көлік инфрақұрылымы нысаны, 5 қоғамдық тамақтану орны, 32 сауда нысаны, 4 қаржылық қызмет көрсететін ұйым және 38 өзге де нысан зерделенді.

Жұмыс барысында тек заңбұзушылықтарды анықтауға ғана емес, оларды жедел жоюға да ерекше көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде көптеген нысанда пандустар орнатылып, кіреберістер бейімделіп, тұтқалар мен қолжетімді ортаға қажетті басқа да құрылғылар қойылып жатыр. Бұл мүгедектігі бар адамдардың қажетті қызметтерді қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда алуына мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында Түркістан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті әлеуметтік маңызы бар нысандардың жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін қолжетімділігіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша нысан иелеріне анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, жауапты тұлғаларға заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

«Мен арбамен қозғаламын. Сондықтан қоғамдық орындардың қолжетімді болуының қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Егер қандай да бір кедергілерге тап болсам, Түркістан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментіне жүгінемін. Мұнда менің өтініштерім жедел қаралады. Тексерулерден кейін көптеген нысанда анықталған кемшіліктер жойылып, пандустар орнатылып, кіреберістер ыңғайластырылып, ғимараттар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы бола түседі. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінде облысымызда бөгде адамның көмегінсіз өз бетінше кіріп-шыға алатын нысандар саны артып келеді. Бұл бізге қажетті қызметтерді еркін алуға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруге жол ашады», – деді Түркістан облысының тұрғыны, І топтағы мүгедектігі бар Орынбасар Дастан.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолжетімді ортаны жетілдіру және заңнама талаптарының сақталуын бақылау жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады. Бұл барлық азамат үшін тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.