Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Қоғам

АРАЛДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

08.08.2026

Құрылысшылар күні қарсаңында Арал қаласының орталық алаңында мерекелік гала-концерт ұйымдастырылып, өңірдің құрылыс саласында еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып, құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы құрылыс саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген құрылысшыларға ризашылығын білдірді.


Мерекелік кеш барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және құрылыс саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар түрлі марапаттарға ие болды.
Шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, бөлім және мекеме басшылары, құрылыс саласының мамандары мен қала тұрғындары қатысты.


Кеш барысында ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге де назар аударылып, тұрғындарға 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, азаматтық таңдауларын жасауға шақырды. Бұл елдің тұрақты дамуы мен жаңғыру жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.


Мерекелік концерттің көркін Қазақстан эстрадасының белгілі әншісі Жұбаныш Жексен, Кеңес Әлімжан мен Шымкент қаласынан келген «Баянсұлу» триосының әсерлі өнері аша түсті. Сонымен қатар ауданның өнерпаздары да әсем ән мен күйден шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік кеш құрылысшылардың еңбегіне деген құрметтің айқын көрінісіне айналып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.