Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Спорт»Мини футбол турнирінің жеңімпаздары анықталды
Спорт

Мини футбол турнирінің жеңімпаздары анықталды

21.04.2025159 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында орталық стадион жанындағы қосалқы шағын алаңда базар жастары арасында мини футболдан өткен турнир мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды «Байсат» базарынан келген «Жібек жолы» командасы иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын олжалады. ІІ-орынды «Саламат» базарының жастары алып, олар 150 мың теңгенің сертификатын қанжығаларына байлады. Үшінші орынды «Қазына» базары мен «Байсат» базарынан келген тағы бір команда өзара бөлісті, әрқайсысы 50 мың теңгенің сертификаттарын еншіледі. Сонымен қатар жеңімпаздар медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жарысқа Алматы қаласындағы базарлардан 16 команда қатысты. «Қырғауылды», «Байсат», «Қазына», «Жұлдыз» базарларынан екі командадан қатысса, «Саламат», «Тастақ», «Алтын орда», «Батыр», «Арлан», «Арасан», «Барыс», «Кенжехан» базарларынан бір-бір командадан қатысты. Тартысты өткен турнирдің жартылай финалына төрт команда шықты. Олар: «Саламат», «Қазына-2» мен «Байсат» командасының «Жібек жолы» және «Қайсар» атты командалары. Ақтық сынға «Жібек жолы» командасы мен «Саламат» командасы шығып, «Жібек жолы» командасының бағы жанып, турнир чемпионы атанды.

Турнирге Сәуле Жарболова бастаған төрешілер бригадасы төрелік жасады. Төрешілер тәртіп бұзған ойыншыларды сары, қызыл қағаздармен жазалап отырды. Сонымен қатар қалалық полиция қызметкерлері турнирдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жүлдегерлерге сертификаттар мен медальдарды жоғары категориялы тренер, жеңіл атлетикадан әлем чемпионының қола жүлдегерін, оннан астам Қазақстан чемпионын дайындаған, футболдан Каспий командасымен бірге Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанған, қазір АКАС футбол клубының тренері Дмитрий Славнов пен журналист Мұхамеджан Әбдібеков табыстады.

Айта кетейік, «Дүйсенбілік спорт» жобасы жыл сайын базар жастары арасында өткізіліп келеді. Бұл жоба аясында спорттың бес түрінен турнир өтеді. Мини футбол чемпионаты солардың алғашқысы. Алдағы уақытта үстел теннисі, волейбол, баскетбол, киберспорттан жарыстар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Social project management орталығы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ САЛАСЫНДА СЕРПІН БАР

20.04.20261 499 Views

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026218 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026220 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.