Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек?
Жаңалықтар

Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек?

10.02.2025304 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Кез келген адамның өмірінде қаржы мәселесіне қатысты қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан несиені уақытында төлей алмасаңыз, қандай қадамдар жасау керек екенін білу маңызды. Мұндай жағдайда қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы – қарызды қайта құрылымдау, яғни несие шартының талаптарын өзгерту, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Қандай жағдайда несиені қайта құрылымдауға болады?

Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:

  • табысы азайып немесе жұмыссыз қалу;
  • ауыр сырқат немесе мүгедектік;
  • декреттік демалыс;
  • әскери қызметке шақыру;
  • форс-мажорлық жағдайлар (өрт, мүліктің ұрлануы және т.б.).

Неғұрлым банкке ертерек жүгінсеңіз, айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігі жоғары.

Қалай өтініш беруге болады?

Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгініңіз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеңіз. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады.

Несиені қайта құрылымдау жолдары қандай?

Банктер мынадай шешімдерді ұсына алады:

  • Несиенің мерзімін ұзарту – ай сайынғы төлемді азайтады, бірақ артық төлем сомасын көбейтеді.
  • Пайыздық мөлшерлемені төмендету – бұл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткен жағдайда іске асырылуы мүмкін.
  • Төлемдерді кейінге қалдыру – белгілі бір уақытқа төлемнен босатады, бірақ пайыздар есептеле береді.
  • Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару – банк оларды ішінара кешіруі мүмкін.
  • Қайтару тәртібін өзгерту – негізгі қарызды өтеуге басымдық беру.

Банк бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе, сіз:

  • банк омбудсменіне жүгіне аласыз;
  • заңгерден кеңес ала аласыз;
  • қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра аласыз, яғни бұрынғы несиені өтеу үшін тиімді шарттармен жаңа несие алу.

Бастысы – мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтарды алдын алуға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі.

Фото: istockphoto

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026328 Views

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026473 Views

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.