Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Білім»КазГАСА-да инженерлік ғылымның болашағы мен технологиялық даму мәселелері талқыланды
Білім

КазГАСА-да инженерлік ғылымның болашағы мен технологиялық даму мәселелері талқыланды

28.11.20264 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2026 жылғы 27 қарашада Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында (КазГАСА) ҚР Ұлттық инженерлік академиясының құрылғанына 35 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуірінде ғылым мен жоғары технологиялық өндірісті интеграциялаудағы инженерлік қызметтің стратегиялық басымдықтары».

Ғылыми конференция отандық және шетелдік ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, халықаралық инженерлік ұйымдар өкілдерінің, жоғары оқу орындары ректорларының, өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының және сала мамандарының басын қосты.

Жиынның басты мақсаты – ғылым мен өндіріс арасындағы ықпалдастықты күшейту, инженерлік білім беру жүйесін жетілдіру, өнеркәсіпке озық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ болашақ инженер мамандарды даярлаудың стратегиялық басымдықтарын белгілеу.

Конференцияға ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов және КазГАСА Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, академик Қырымбек Көшербаев жетекшілік етті.

Басқосуды ашқан Бақытжан Жұмағұлов академияның қалыптасуы мен 35 жылдық даму тарихына тоқталып, Қазақстанның инженерлік ғылым саласындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ технологиялық өзгерістер кезеңінде инженер мамандардың біліміне, кәсіби шеберлігіне және жауапкершілігіне қойылатын талаптардың артып келе жатқанын жеткізді.

Академик Қырымбек Көшербаев ғылым, білім және өндіріс арасындағы серіктестікті дамытудың өзектілігін атап көрсетті. Ол ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу, экономиканың нақты секторымен байланысты нығайту және инженерлік мамандықтардың беделін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Конференция барысында еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру, өнеркәсіпті жаңғырту, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, инженерлік білім беруді жетілдіру, жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеу технологияларын қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды.

КазГАСА ректоры Бахтияр Сабденалиев құрылыс саласындағы технологиялық трансформация жағдайында инженерлік және сәулет-құрылыс мамандарын даярлаудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады. Академияның осы бағыттағы тәжірибесі мен перспективалық даму бағыттарын таныстырды.

Конференция аясында сәулет және құрылыс индустриясындағы ғылыми-техникалық жаңалықтар мен инновациялық әзірлемелердің халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге КазГАСА ғалымдарының ғылыми әзірлемелері, инновациялық технологиялар, заманауи құрылыс конструкциялары және ғимараттардың макеттері қойылды.

Ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыруға бағытталған инженерлік шешімдер мен сейсмоплатформаның функционалдық мүмкіндіктері қатысушылардың ерекше назарын аударды.

Халықаралық жиын ғылыми орта, жоғары білім беру жүйесі және өндіріс саласы өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстар орнатуына, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуіне және ортақ инновациялық бастамаларды дамытуына мүмкіндік берді.

Ауқымды ғылыми іс-шараның КазГАСА базасында ұйымдастырылуы академияның инженерлік және сәулет-құрылыс саласындағы білім беруді жетілдіруге, қолданбалы ғылымды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге қосып отырған үлесін айқын көрсетті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026786 Views

«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде

15.10.2025432 Views

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

14.10.2025343 Views
Соңғы жаңалықтар

КазГАСА-да инженерлік ғылымның болашағы мен технологиялық даму мәселелері талқыланды

28.11.2026

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

26.11.2026

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

26.11.2026

Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды

26.11.2026

Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді

26.11.2026

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 1,1 млрд текше метрге жуық су үнемделді

26.11.2026

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

26.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.