Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді
Аймақ жаңалықтары

Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді

26.11.2026524 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе қаласында әмбебап спорт кешені салынады. Нысанды салуға және жабдықтауға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге бөлінді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақтөбе облысында халықтың қажеттілігін 73,2%-ға қамтамасыз етіп отырған 770 спорт нысаны жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңірде 31 жаңа кешен пайдалануға берілді. Алайда қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктеме әлі де жоғары, бұл тұрғындарға арналған жаттығу бағдарламаларын кеңейту мүмкіндігін шектеп отыр.

Жаңа кешеннің жалпы ауданы 31 мың м2 асады. Нысан отандық құрылыс материалдарын пайдалана отырып салынуда. Жобада бірнеше функционалдық аймақ қарастырылған:

  • халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған 5 мың орындық негізгі арена;
  • олимпиадалық стандартқа сай 50 метрлік жүзу бассейні;
  • спорттық және көркем гимнастикаға арналған арнайы жаттығу залдары;
  • спорттық ойын түрлеріне (баскетбол, волейбол, футзал) арналған залдар;
  • йога және пилатеспен айналысуға арналған сауықтыру залдары.

Кешеннің жаттығу залдары кәсіби спорт жабдықтарымен жарақтандырылады. Оларды сатып алуға да Инфрақұрылымды дамыту қорынан қаражат қарастырылған. Спортшыларды даярлауға отандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарту жоспарланған.

Жобада кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін кешеннің барлық негізгі аймағына, соның ішінде көрермендер трибуналарына, киім ауыстыратын бөлмелерге, бассейн мен жаттығу залдарына, сондай-ақ кіреберістер мен нысан аумағына кедергісіз қатынау мүмкіндігі қарастырылған.

Кешенді 2028 жылғы ақпанда пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа нысан өңірдің гимнастика залдары мен олимпиадалық бассейнге деген қажеттілігін өтеуге, қаладағы спорт нысандарының тәуліктік өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері елімізде 188 спорт кешенінің құрылысы жүргізілді. Бүгінде 69 нысанның құрылысы аяқталды, оның 51-і ауылдық жерлерде ашылды. Жыл соңына дейін тағы 52 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өңірдің спорт инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

26.11.2026258 Views

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

26.11.2026631 Views

Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды

26.11.2026538 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

26.11.2026

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

26.11.2026

Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды

26.11.2026

Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді

26.11.2026

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 1,1 млрд текше метрге жуық су үнемделді

26.11.2026

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

26.11.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

26.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.