Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда «Яндекстің» бес компаниясы жеке деректерді қорғау талаптары бойынша тексеріледі
Жаңалықтар

Қазақстанда «Яндекстің» бес компаниясы жеке деректерді қорғау талаптары бойынша тексеріледі

10.11.2026542 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәди депутат Ләззат Жылқыбаеваның сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Қазақстанда жұмыс істейтін «Яндекс» компаниялар тобының бес заңды тұлғасына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Тексеруге «Яндекс Қазақстан», «Yandex Basty», «Яндекс. Такси Корп», «Яндекс. Еда Казахстан» және «Яндекс. LLP» компаниялары ілінеді.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі компаниялардың қазақстандықтардың жеке деректерін қалай жинайтынын, өңдеп, сақтайтынын тексермек. Әсіресе ақпаратты Қазақстан аумағында сақтау және оны техникалық тұрғыдан қорғау талаптарының орындалуына назар аударылады.

Тексеру қорытындысы бойынша министрлік заң талаптарының сақталуына баға береді. Егер заңбұзушылық анықталса, жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Тексеру нәтижелері көпшілікке жарияланбақ.

Депутаттық сауалға берілген жауапта білім беру ұйымдарындағы дербес деректердің ірі көлемде таралу деректері де келтірілген. Семейде 3 752 қызметкер мен 344 кәмелетке толмаған баланың мәліметі ашық қолжетімді болған. Ал Қызылорда облысында білім беру ұйымдарының 529 қызметкеріне қатысты ақпарат тараған. Прокуратура араласқаннан кейін мәліметтер өшіріліп, кінәлілер жауапқа тартылған.

Сонымен қатар билік жеке деректерді қорғау жүйесін жетілдіріп жатыр. Атап айтқанда, 100 мыңнан астам адамның дерегін өңдейтін операторларға міндетті биометриялық сәйкестендіру талабы енгізілген.

Жеке деректерінің заңсыз жиналғанын немесе таратылғанын байқаған азаматтар салалық министрлікке не сотқа жүгіне алады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.20262 865 Views

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026651 Views

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026427 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2026

Қазақстанда «Яндекстің» бес компаниясы жеке деректерді қорғау талаптары бойынша тексеріледі

10.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.