Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026651 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Жылыту маусымының өтуі туралы» және «Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» мәселелер қаралды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.
Қалада 1648 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның 879-ы көпқабатты тұрғын үй, 769-ы әлеуметтік нысан және жеке секторлар. Барлық нысанға жылу толығымен жеткізілген, маусым кедергісіз өтуде.
— Жылу беру маусымында барлық шараларды пысықтап отыруымыз қажет. Апаттық бригадалар мен арнайы техникалардың тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруымыз керек. Орын алған ақаулар мен халықтан түскен қандай да бір шағымдар шұғыл қалпына келтірілуі тиіс. Сондай-ақ, қала тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Аталған бағыт бойынша күнделікті есеп алынып, тиісті жұмыстар жүргізілсін,-деді Нұржан Сәбитұлы.
Жылу беру маусымы басталғаннан өрт қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдер арта түсетінін белгілі. Әсіресе, жеке секторлар мен кәсіпкерлік нысандарда пештерді дұрыс пайдаланбау, электр жылыту құрылғыларын талапқа сай қолданбау, электр желілерінің шамадан тыс жүктемесі салдарынан түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Осыған байланысты барлық нысандарға күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шаһар басшысы тиісті сала жетекшілеріне қала аумағында, әсіресе жеке секторда өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық аралау жұмыстарын күшейтуді, пешпен жылытылатын тұрғын үйлердің мұржаларын тазалау, пештердің жарамдылығы және электр сымдарының қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруды тапсырды.
Возможно, это изображение один или несколько человек и помост
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.20262 865 Views

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026427 Views

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

10.11.2026743 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2026

Қазақстанда «Яндекстің» бес компаниясы жеке деректерді қорғау талаптары бойынша тексеріледі

10.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.