Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Мүгедектікті белгілеу бойынша 69 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды
Жаңалықтар

Мүгедектікті белгілеу бойынша 69 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

03.09.2025646 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 68,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

— әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

— МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

— мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

— көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026792 Views

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026882 Views

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026639 Views
Соңғы жаңалықтар

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.2026

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды

05.11.2026

Әбу-Дәбидегі келіссөз: Украина шекарасы қайта сызыла ма?

05.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.