Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүкті әйелдерді қолдау шаралары кеңейтілуде
Денсаулық

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүкті әйелдерді қолдау шаралары кеңейтілуде

05.08.2025520 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 12 заманауи перинаталдық орталық құрылысын салу жоспарланып отырғанын хабарлады. Жаңа нысандар Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қаскелең, Қостанай, Қызылорда, Орал қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылында бой көтермек.

Биыл алғаш рет болашақ аналарға арналған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылып, әйелдерді 12 түрлі зерттеуден өткізу және жүктілікке дайындау үшін 5,1 млрд теңге бөлінді.

Одан бөлек, былтыр 22 облыстық перинаталдық орталық құрамында «Ұрықты қорғау орталықтары» құрылып, оның құрамында жүкті əйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Бір күндік клиника» ұйымдастырылды. Онда 100 мыңнан астам жүкті әйел 500 мыңға жуық тексеруден өтіп, нəтижесінде ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау 13%-ға артты.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі, сондай-ақ, елімізде алғаш рет «Феталды медицина» инновациялық технологиясы енгізіліп жатқанын атап өтті. Оның көмегімен жатырішілік 71 операция жасалып, нәтижесінде 96 нәрестенің өмірі сақталып қалды. Сонымен қатар биылдан бастап емханаларда педиатриялық бөлімшелер ашылып, 100 даму және ерте араласу орталықтары жасақталды.

Шалғайдағы ауылдық мекендерде тұратын ерекше күтімді қажет ететін әйелдер үшін «Саламатты Ана» пансионаттары ашылуда. Олар тәуекелі жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала емдеуге жатқызуға, сондай-ақ қиын босанудан кейінгі кезеңде әйелдерді оңалтуға арналған. Бүгінгі таңда мұндай пансионаттар Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жұмыс істеп тұр. Басқа өңірлердің әкімдеріне жыл соңына дейін облыс орталықтарында осындай пансионат ашу ұсынылып отыр.

Одан бөлек, жүкті және босанған әйелдердің электрондық картасы, олармен проактивті жұмыс жүргізу сервисі енгізілді. Бүгінгі таңда болашақ аналарға жоспарлы қабылдау күні мен скринингтен өту туралы 348 мың хабарлама жіберілген. Сондай-ақ, Жүкті және фертильді жастағы әйелдер тіркелімін медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялау жүзеге асырылды. 2024 жылдан бері оны жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025273 Views

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025418 Views

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025327 Views
Соңғы жаңалықтар

ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚЫЗЫЛОРДА!

09.08.2025

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

07.08.2025

Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

07.08.2025

1,8 млн тонна арпа экспортталды

07.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.