Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанның әскери қызметшілеріне арналған е-Gov цифрлық порталының аналогы әзірленді
Жаңалықтар

Қазақстанның әскери қызметшілеріне арналған е-Gov цифрлық порталының аналогы әзірленді

25.07.2025554 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Көзделген мақсат – eGov.kz порталына ұқсас электрондық сервистердің заманауи, ыңғайлы және ашық жүйесін құру. Платформада әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылды. Мұнда қызмет, жеңілдіктер, іссапарлар мен демалыстар туралы барлық ақпарат қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

Сондай ақ спикер «Jauynger.gov.kz» қызметы туралы айтты. Платформаның көмегімен келісімшарттық қызметке қабылдау едәуір жеңілдейді.

«Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерге жұмысқа орналасу процесін жеңілдету үшін түрлі ақпараттық жүйелермен 10-нан астам интеграция жүзеге асырылды. Қызметті осы күзде іске қосу жоспарда бар. Сервисті енгізу келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Дархан Ахмедиев.

Спикер отандық технологияларды қолдау және дамыту мақсатында Defense Tech кеңсесі іске қосылғанын хабарлады. Осылайша, Қорғаныс министрлігі IT-компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде.

«Осы бағытты дамыту үшін технологиялық конкурс, Defence Tech жобаларының скаутингі, күштік ведомстволарда қолданылуы мүмкін шешімдерді іздеуге арналған хакатондар сияқты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға қазақстандық компаниялар, инноваторлар, өнертапқыштар, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты. Үздік жоба әзірлеушілеріне ақшалай сыйақылар мен мүдделі ұйымдармен жобаларды одан әрі іске асыру мүмкіндігі бірілді», – деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар түрлі форумға қатысу ұйымдастырылады, онда технологиялық компаниялармен ынтымақтастықта қорғаныс технологиялары саласындағы отандық әзірлемелер ұсынылады. Алдағы уақытта IT-компаниялармен бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық нысандарын кеңейту жоспарлануда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНДА

05.11.20261 529 Views

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026792 Views

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026882 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНДА

05.11.2026

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.2026

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды

05.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.