Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді
Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025447 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде құрылымдық бөлімшелер, республикалық және ғылыми орталықтар, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қатысуымен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ведомство қызметінің қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мониторинг нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика атап өтілді.

Жалпы өлім 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеді — 1000 тұрғынға шаққанда 6,46-дан 6,35 жағдайға дейін. Бұл нәтиже бүкіл ел бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын және жеделдігін жақсарту жөніндегі жүйелі шаралардың арқасында мүмкін болды.

Негізгі жетістіктер:

  • Ана өлімі 10%-ға төмендеді – 100 000 тірі туғандарға шаққанда 12-ден 10,8 жағдайға дейін.
  • Сәбилер өлімі 7,4 нысаналы көрсеткішпен 1000 тірі туғанға шаққанда 5,94 құрай отырып, 26,3%-ға қысқарды.
  • Неонаталдық өлім 23,8%-ға азайды – 1000 тірі туғандарға шаққанда 4,2-ден 3,2-ге дейін.
  • Балалардың арасындағы өлім жоспар бойынша 9,75 кезінде 7,3-ті құрады – тұрақты оң динамика.
  • Реанимациялық іс-шаралардың табыстылығы 8,3%-ға өсіп, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 51,8%-ға қарағанда 60%-ға жетті.
  • ЖКО салдарынан өлім жоспарланған 11,7 деңгейінде 100 000 тұрғынға шаққанда 8,46-ға дейін төмендеді.

Бұл нәтижелерге қол жеткізудің маңызды құрамдас бөлігі медициналық статистиканың сапасын жақсарту болды.

Министрлік өлім себептерін кодтау бөлігінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша кешенді жұмысты іске асырды, сондай-ақ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының жанынан Кодтау бюросын құрды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025429 Views

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025839 Views

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025796 Views
Соңғы жаңалықтар

«18 жастағы сенсация»: «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарын аударды

03.10.2025

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

03.10.2025

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.