Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАРМАҚШЫДА «ТӨРЛЕТ, НАУРЫЗ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚАРМАҚШЫДА «ТӨРЛЕТ, НАУРЫЗ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

22.03.2025252 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшыда «Төрлет, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.
Орталық алаңға қолөнер және тарихи жәдігерлер көрмесі қойылып, ұлттық ойындардан сайыстар, қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылды. Аймақ басшысы тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
«Биыл — еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтеді. Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Ұлыстың ұлы күніндегі игі тілектеріңіз қабыл болсын! Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз Наурыз құтты болсын!», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы көрсеткіштерге, алда атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.
Қармақшылықтардың Табиғат-ана түлеп, тіршілік түрленген кезеңдегі барлық бастамаларына сәттілік тіледі.
Жиында ауданның дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов сөз сөйлеп, халықты мерекемен құттықтады.
Возможно, это изображение 15 человек и люди занимаются боевыми искусствами
Возможно, это изображение 8 человек и текст
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарда бар

02.07.2025164 Views

Түркістанда 400 доза синтетикалық есірткі тәркіленді

02.07.2025418 Views

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025595 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарда бар

02.07.2025

Қытайдағы су тасқынынан 9 адам қаза тапты

02.07.2025

Түркістанда 400 доза синтетикалық есірткі тәркіленді

02.07.2025

Жапонияда екі аптада 865 жер сілкінісі тіркелді

02.07.2025

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

02.07.2025

Trump-тың алтын смартфоны АҚШ-та жасалмайтын болды

01.07.2025

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.