Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»1240 шетелдік азамат елден шығарылды
Жаңалықтар

1240 шетелдік азамат елден шығарылды

17.03.2025366 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

11-14 наурыз аралығында елімізде «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі тіркелді. Мәселен, 4,5 мың шетелдік азамат елде болу мерзімін бұзған. 2,5 мыңы заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Оның ішінде 60 заңсыз такси жүргізушісі бар. ІІМ бұған дейін жүргізілген арнайы операция кезінде 700-ге жуық заңсыз такси жүргізушісі анықталғанын да мәлімдеді. 1240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

«Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет мемлекеттен келгендер. Бірақ одан бөлек Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да анықталды. Іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды», деді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Ал 2200 тұлға шетелдіктердің келгенін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 12 млн теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, 500 қазақстандық жұмыс беруші шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 33 млн теңге айыппұл арқалады. Олардың ішінде бес тұлға осындай әрекетті бұрын да жасағаны үшін,  қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Мысалы, Астана қаласында бір университет жатақханасында комендант 56 еңбек мигрантына студент ретінде уақытша тұруға рұқсат берген. Алматы облысында нотариустың көмекшісі шетелдіктерді «жоқ» мекенжайларға тіркеу үшін жалған сенімхаттар рәсімдеген. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Шетелдіктердің келуі туралы хабарлама беру, жеке сәйкестендіру нөмірін алу, дакторегистрацияны өту және уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін мемлекет төлем алмайтынын айта кеткен жөн», деді Аслан Аталықов.

Фото: polisia.kz

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған

10.04.2026181 Views

Жастар арасында су үнемдеу идеясы кеңінен насихатталуда

10.04.2026235 Views

Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды

10.04.2026364 Views
Соңғы жаңалықтар

Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған

10.04.2026

Жастар арасында су үнемдеу идеясы кеңінен насихатталуда

10.04.2026

Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды

10.04.2026

ЖИ-агенті құқықтық мәселелер бойынша 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді

10.04.2026

Қазақстанда әділет саласын цифрландыру: жаңа сервистер уақыт пен қаражатты үнемдейді

10.04.2026

QazCopyright: биыл әртістерге ТВ мен радиодағы ротация үшін алғашқы төлемдер жасалады

10.04.2026

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11 сәуірде басталады

10.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.