Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚ БАСШЫСЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ПЫСЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ПЫСЫҚТАДЫ

11.02.2025646 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су шаруашылығының жағдайын және су тасқынының алдын алу жұмыстарын тексерді.
Мемлекет басшысының Жолдауында ирригация жүйелері, жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны диқандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту тапсырылғаны белгілі. Бұл бағытта облыста бірқатар жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда, Үкімет қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024 — 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» Қызылорда облысын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған 112 жоба енгізілді.
Олар аймақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізеді.
Кешенді жоспарға енгізілген жобалар ішіндегі «Қараөзек» су қоймасын салуды Ислам Даму банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Бұл 31 мың гектар суармалы, 120 мың гектар шабындық пен жайылымдық жерді және вегетациялық кезеңде Арал теңізін суландыруға мүмкіндік береді.
Возможно, это изображение Арктика и дорога
«Келінтөбе» магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 6,1 шақырым айналма канал қазылды. Сағасына гидротехникалық құрылыс салу қажеттілігі туындауына байланысты жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін өтінім ұсынылды.
Жоба іске асқанда, Жаңақорған ауданының 30 мың гектар егістік жерін вегетациялық кезеңде суландыруға мүмкіндік береді.
Су үнемдейтін технологияны енгізуді 2028 жылға дейін 24,2 мың гектарға жеткізу (2024 ж. — 4,4 мың гектар, 2025 ж. — 9,2 мың гектар, 2026 ж. -14,2 мың гектар, 2027 ж. — 19,2 мың гектар, 2028 ж. — 24,2 мың гектар) көзделген.
Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4,4 мың гектарға жеткізіліп, 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артты.
Күріш шаруашылығында су үнемдеудің бірден-бір жолы — егістікті лазерлік тегістеу. Өткен жылы күріш егістігінің 55 мың гектарына лазерлік тегістеу жүргізілсе, алдағы 5 жылда 72 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, өткен жылы «Арна» мекемесінің теңгеріміндегі 107 су нысанына, 1 қорғаныс бөгеті және 69 канал бойындағы гидротехникалық құрылыстарға ағымдағы ұстап тұру жұмыстары жүргізілді.
Биыл 5 каналды тазалау жоспарлануда.
Сол сияқты, «Көлтоған» су қоймасының апаттық жағдайының уақытша алдын алу және «Ақүйік» ауылдық округі тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету үшін «Арна» мекемесі арқылы су беретін каналды тазалау, дамбысын көтеру, су тоспаларын жөндеу, қойманың бөгетін уақытша қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
Аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, су тасқынының алдын алу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек екенін ескертті.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.