Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы міндеттерге тоқталды. Ауыл шаруашылығы – Шиелі ауданы экономикасының жетекші салаларының бірі. Биылғы жылдың 6 айында салада 5 млрд 711 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайыздық өсімге қол жеткізілді. Мал шаруашылығында да оң динамика сақталуда. Бүгінде ауданда 85 734 бас ірі қара, 130 061 бас қой-ешкі, 29 151 жылқы және 1 842 түйе тіркелген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып, қайта айналымға енгізу жұмыстары нәтижесінде 41 960 гектар жер игеріске тартылып,…
Автор: un_admin
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдады. Тараптар облыс орталығында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын талқылап, алдағы жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру жайын қарастырды. «Өткен аптада Қызылорда облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сол жолы заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуға қатысты жоспарды жан-жақты талқылаған болатынбыз. Баршамызға белгілі, «Казстройподряд» – халықаралық деңгейде танылған, күрделі құрылыс жобаларын табысты жүзеге асырып келе жатқан бірегей компания. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз Қызылорда қаласында заманауи сауда-ойын-сауық кешенін салуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Облыс әкімдігі жер телімі, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен келісу…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Liaoning Hongda Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тан Цзюганды және аталған компанияның өкілдерін қабылдады. Кездесуде облыс әкімі компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, Жаңақорған ауданында іске асырылатын жалпы құны 1,3 млрд АҚШ доллар болатын қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешендері жобасының өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Жоба аясында екі карьер, екі тау-кен байыту фабрикасы және кейіннен металлургиялық зауыт салу жоспарланған. Өңір басшысы облыс әкімдігі тарапынан жоба «Жасыл дәліз» тетігіне енгізілгенін айтып, оны іске асыру барысында қажетті әкімшілік қолдау көрсетілетінін, жан-жақты сүйемелденетінін жеткізді. Өз кезегінде компания басшылығы жобаны іске асырудың қазіргі…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Арал теңізінің экологиялық мәселесін шешу тек өңір үшін ғана емес, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Соңғы жылдары теңіз тағдырына әлемдік ұйымдар, халықаралық қаржы институттары мен шетелдік серіктестердің қызығушылығы айтарлықтай артқан. Осыған байланысты ауданға бірнеше мәрте Үкімет мүшелері, халықаралық банктер мен қорлардың өкілдері, шетелдік елшілер келіп, экологиялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Олар Арал өңірінің табиғи ортасын қалпына келтіруге бағытталған бастамаларды қолдап, жаңа жобаларды қаржыландыруға қызығушылық танытып отыр. -…
Сырдария ауданында су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Берік Сәрменбаев баяндады. Биыл ауданда 32 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Су тапшылығына байланысты күріш көлемі қысқартылып, жүгері алқабы ұлғайтылды. Сонымен қатар 40 млрд теңгелік жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. – Су үнемдеу мақсатында лазерлік тегістеу жұмыстарының көлемі артып, егіс алқаптарының 80 пайызынан астамы заманауи технологиямен тегістелді. Сондай-ақ каналдарды бетондау және гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту жобалары қолға алынған. Су…
Сырдария ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен, табиғи газбен және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Берік Сәрменбаев мәлімдеді. Бүгінде аудан халқы толықтай сапалы ауыз сумен қамтылған. Былтыр «Сыр суы» өндірістік бөлімшесі арқылы жеті ауылдың ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілсе, биыл Тереңөзек кенті мен тағы бес елді мекеннің су жүйелерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр. — Газдандыру жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Өткен жылы Нағи Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылса, биыл бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлінді. Ақжарма ауылындағы газдандыру жобасы…
Оның жарқын мысалын Оңтүстік Қапқаз елдерінің батыл-батыл маневрларынан, Солтүстік Корей мен Қытайдың Ресейді сауын сиырдай жүдетіп, істеген жерден тістеп қалуға тырысуынан анық аңғарамыз… ҚЫТАЙ АМБИЦИЯСЫ: РЕСЕЙ «ҮЛГІЛІ ЕЛДЕН» «КІШІ ІНІГЕ» ҚАЛАЙ АЙНАЛДЫ? «Молда сөзін азаншы қуаттар» дегендей, осы айтқанрдарымызды жуырда әйдік «The Wall Street Journal» басылымы да егжей-тегжейлі зерттеп жазыпты. «Кезінде Владимир Путин Қытай басшысы Си Цзиньпин үшін үлгі тұтарлық тұлға еді. Ал екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара тең дәрежедегі әріптестік ретінде сипатталатын. Қазір бәрі өзгерді. Ресей мен Қытай арасындағы байланыстың сипаты түбегейлі өзгерген. Кремль қожайынының ықпал әлрісеп, «серіктес ел» дәрежесінен тәуелді «кіші ініге» айналған. Мұның басты себебі – төртінші…
«Ultnews Медиа» ЖК https://ultnews.kz/ сайтында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы «Ultnews Медиа» ЖК меншік иелігіндегі https://ultnews.kz/ интернет-басылымы (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлайды. Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлау алдындағы…
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты норма кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Осыған байланысты министрліктің хабарлауынша, тарихи тұрғыдан алғанда, мемлекеттік кепілдік институты азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялау стратегиясына дербес ықпал ету мүмкіндігі болмаған кезеңде енгізілді. Мемлекет инвестициялық саясатты айқындап, салымшылардың өз қаражатын басқару құқығын шектегендіктен, нақты инвестициялық табыстылық пен инфляция деңгейі арасындағы айырманы өтеу жөніндегі міндеттемені өз мойнына алған болатын. «Қазіргі таңда салымшыларға инвестициялық басқарушы компанияны және инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдау құқығы берілгендіктен, мемлекеттік кепілдіктің бастапқы құқықтық әрі…
Ақтауда синтетикалық есірткіні сақтады және өткізді деген күдікпен ер адам ұсталды. Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz. Жеке тінту барысында күдіктіден зип-пакеттерге оралған заттар мен телефон тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 58,9 грамм болатын мефедрон есірткісі екені анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша күдіктінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік материал рәсімделді. Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге…
