Елімізде автокөлік нарығын көлеңкелі импорттан тазарту мәселесі қайта күн тәртібіне шықты. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне көліктерді заңсыз әкелуге жол бермеудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды. Жаңа тәсіл 1 — қыркүйектен бастап іске қосылуға тиіс. Бұл шешімнің астарында тек кедендік бақылауды күшейту емес, елдегі автомобиль нарығын ретке келтіру, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өндірісті қорғау мәселелері жатқаны анық. Жалпы, Қазақстанның автомобиль нарығында шетелден жеке тәртіппен немесе делдалдық схемалар арқылы әкелінетін көліктердің үлесі айтарлықтай екен. Әсіресе, Қытай, Грузия, Армения және басқа да елдерден жеткізілетін көліктерге сұраныс жоғары. Мұндай көліктердің бір бөлігі заң талаптарына сәйкес рәсімделсе,…
Автор: un_admin
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автокөлік жасау саласын дамыту мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы өңірдің автомобиль жасау өндірісіндегі бастамалар мен мәселелерге тоқталды. Еске салсақ, Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту, оның ішінде отандық машина жасау саласын қолдау жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Өңірде толық циклді автомобиль шығаратын кәсіпорын болмаса да, жүк вагондарын жөндеу және қосалқы бөлшектер өндіруде тиісті жұмыс өз деңгейінде атқарылуда. Мәселен, сала кәсіпорындары бірінші жартыжылдықта 12 млрд теңгеге қызмет көрсетіп, негізгі өсім 9,9 пайыз болған. «Келесі міндетіміз – жөндеу жұмыстарынан өнеркәсіптік өндіріс деңгейіне…
Қытайдың All China Review іскерлік басылымы жақында Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшыға айналу себептерін талдаған мақала жариялаған болатын. Біз ол туралы жазған едік. Онда еліміздің әсіресе Қытай үшін инвестициялық тартымдылығы жағынан аймақтағы барлық елден айқын алда тұрғаны айтылған-ды. Осы жерде отандық экономиканың тұрақтылығы жөнінде айтылған тұжырымға қайта тоқталғанды жөн көрдік. Өйткені, елдің ішкі қаржы жүйесі мен инвестициялық тартымдылығына берілген баға мен сенімді көзқарас тұтас мемлекеттің дамуына ықпал ететін фактор ретінде қабылданады. Әсіресе, Қытай сияқты әлемнің «екінші экономикасы» атанып отырған қуатты елдің сарапшылары берген баға үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейді. Сонымен, Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың долларды құрайтынын тағы айтуымыз керек.…
Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі. Қайта жаңғыртылатын жол учаскесі республикалық жол желісіндегі ең қарқынды қозғалыс жүретін бағыттардың бірі саналады. Бұл жолмен тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Қазіргі төрт жолақты жолдың өткізу қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, көлік кептелісі жиі туындап, қозғалыс жылдамдығы төмендейді және Алматы қаласы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік байланысына кері әсерін тигізуде. Жолды кеңейту оның өткізу…
Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады. – Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бүгінде Шиелі ауданында халық саны 85 мың 400 адамды құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап, жұмыссыздар саны 1 716 адам болды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864 адам, оның ішінде 35 148 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылғандардың 23 370-і жалдамалы қызметкерлер, ал 11 778-і өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Есепті жылдың 1 шілдесіне дейін аз қамтылған 124 отбасының 669 мүшесіне жалпы сомасы 44…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құрылыс саласында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларға тоқталды. Бүгінде аудан көлемінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар нысандардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Шиелі кентіндегі Абай көшесінде орналасқан спорт кешені 249,9 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, Жөлек ауылдық округінде жобалық құны 613,9 млн теңгені құрайтын жаңа спорт кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Халықты көгілдір отынмен қамту мақсатында Шиелі кентінің «Береке» мөлтек ауданында газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында Есабыз және Әлия Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы К-4 каналында жаңа автомобиль…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков автомобиль жолдарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Шиелі ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 325,9 шақырымды құрайды. Оның 80 шақырымы – республикалық, 100,5 шақырымы – облыстық, 145,4 шақырымы – аудандық маңыздағы жолдар. Бүгінде аудандық маңыздағы жолдардың 94,9 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, облыстық және республикалық жолдар 100 пайыз асфальтталған. Ауданда бюджеттен тыс қаражат пен демеушілердің қолдауымен жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Шиелі–Тайқоңыр» автомобиль жолының 13 шақырымы 2,5 млрд теңгеге толық күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, «Самара–Шымкент» бағытындағы 8 шақырым автомобиль жолын…
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков абаттандыру, экология және жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аудан орталығын көркейту мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Базар арығы» каналының бетондау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жалпы құны 553 млн теңгені құрайтын жоба аясында 1,2 шақырымы аяқталып, қалған бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Шиелі кентіндегі 9 көшеге жаңа түнгі жарық шамдары орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалуда. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып ата, Бала би, Досбол би және Қыш ата кесенелерінің…
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифингте 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, бүгінде Шиелі ауданында тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны қалыптасқанын атап өтті. Аудан әкімі өз баяндамасында аудан бюджетінің орындалуына тоқталып, ағымдағы жылдың бүгінгі күнгі жағдайы бойынша несиелерді қоса есептегендегі түзетілген бюджет көлемі 16 млрд 10 млн 506 мың теңгеге нақтыланғанын айтты. Бұл бастапқы жоспармен салыстырғанда 5 млрд 716 млн 230 мың теңгеге ұлғайған. 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін кірістер жоспары (несиелерді қоса есептегенде) 6 млрд 602 млн теңге болып, 100 пайызға орындалды. Аудандық бюджеттің өз кірістері ағымдағы…
