Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026

Ақтауда синтетикалық есірткіні сақтады және өткізді деген күдікпен ер адам ұсталды. Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеке тінту барысында күдіктіден зип-пакеттерге оралған заттар мен телефон тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 58,9 грамм болатын мефедрон есірткісі екені анықталды.

Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша күдіктінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік материал рәсімделді.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мән-жайлар анықталып жатыр.

«Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында синтетикалық есірткі заттарын сақтау және өткізумен айналысты деген күдікпен ер адамды ұстады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.