Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

16.07.2026
Сырдария ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен, табиғи газбен және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Берік Сәрменбаев мәлімдеді.
Бүгінде аудан халқы толықтай сапалы ауыз сумен қамтылған. Былтыр «Сыр суы» өндірістік бөлімшесі арқылы жеті ауылдың ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілсе, биыл Тереңөзек кенті мен тағы бес елді мекеннің су жүйелерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
— Газдандыру жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Өткен жылы Нағи Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылса, биыл бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлінді. Ақжарма ауылындағы газдандыру жобасы толық аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру жобалары кезең-кезеңімен іске асырылып, нәтижесінде ауданды табиғи газбен қамту деңгейі 80 пайыздан асады, — деді аудан әкімі.
Спикердің айтуынша аудандағы электр желілерін жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. Соңғы жылдары алты елді мекеннің электр желілері толық жаңартылған. Биыл Асқар Тоқмағамбетов және Сәкен Сейфуллин ауылдарының электр желілерін қайта жаңғыртуға қаржысы бөлініп, жұмыстар жақын уақытта басталады. Сонымен қатар Тереңөзек кенті мен Нағи Ілиясов ауылындағы электр желілерін жаңарту жобаларына қаржыландыру мәселесі қарастырылып жатыр.
– Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі. Халықты сапалы ауыз сумен, табиғи газбен және сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстарын кезең-кезеңімен жалғастырамыз, – деді аудан әкімі Берік Сәрменбаев.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.