Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Су ресурстарын ұтымды пайдалану – әр азаматтың борышы
Аймақ жаңалықтары

Су ресурстарын ұтымды пайдалану – әр азаматтың борышы

31.08.20252 740 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Судың қадірі барлығымыз үшін маңызды. Бүгінгі күні ауыз су тапшылығы қазіргі заманның жаһандық өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы орайда, тіршілік көзін үнемдеу үшін, тұрғындардың ауыз суды тек тұрмыстық мақсатқа пайдалануына және ауыз суды бау-бақша, құрылыс жұмыстарына пайдаланбай су есептегіш құралын орнатып, суды үнемді әрі ұтымды пайдалану жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Тұтынушылар пайдаланған ауыз су және кәріз суға көрсетілген қызметтеріне  уақытылы төлем жүргізуі қажет. Алайда, «Су жүйесі»  мекемесі бойынша 83518 жеке тұлға тұтынушыларының 44,9% су ақысын тұрақты түрде төлесе, қалған 55,1 % төлем жасамаған. Аталған мәселе бойынша суды үнемдеу және рұқсатсыз қосылған тұтынушыларды анықтау үшін  рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, нәтижесінде:

— 2024 жылдары орталық ауыз су жүйесіне рұқсатсыз қосылган 137 тұтынушыға, 3 582 093,41 теңгеге, су есептегіш құралынан тыс 2 ауыз су желісін пайдаланып отырған 50 тұтынушыға 1 405 634,12 теңгеге тексеру актісі жазылып қайта есептеме жүргізілді.

— 2025 жылдың 7 айы бойынша орталық ауыз су жүйесіне рұқсатсыз қосылган 47 тұтынушыға, 1 610 393,55 теңгеге, су есептегіш құралынан тыс 2 ауыз су желісін пайдаланып отырған 41 тұтынушыға 1 832 239,23 теңгеге тексеру актісі жазылып қайта есептеме жүргізілді.

Құрметті қала тұрғындары!

Су – тіршілік көзі. Ауыз суды тек тұрмыстық қажеттілікке пайдаланып, бау-бақша суаруға, құрылыс және шаруашылық мақсаттарға қолдануға жол бермеу – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.

Суды үнемдеу мақсатында су есептегіш құралдарын орнатып, суды ысырап етпей пайдалану – қоршаған ортаны қорғауға және келер ұрпаққа таза су қорын сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Осыған орай, қала тұрғындарын ауыз суды мақсатты түрде пайдалануға; бау-бақша суаруға, құрылыс және шаруашылық мақсаттарға қолдануға жол бермеуге; су есептегіш құралдарын орнатуға және олардың дұрыс жұмысын бақылауға шақырамыз.

Табиғат – бәрімізге ортақ. Су ресурстарын ұтымды пайдалану – әр азаматтың борышы.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026515 Views

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026102 Views

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026139 Views
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

19.03.2026

«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды

19.03.2026

«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды

19.03.2026

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

19.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.