Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ауылдың «ауруын» жасырмайық
Жаңалықтар

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

21.06.2025748 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру аясында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Басқосудың басты мақсаты – ауыл тұрғындары өндірген өнімді өңдеу және тиімді өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесін жан-жақты талқылау.

Сенаторлар өңірдегі бір­қа­тар агроөндірістік нысандар жұмы­сы­мен танысты. «КэммиGroup», «Жан-Дос KZ» (ұн комбинаты), «МолКОМ-Павлодар» (сүт зауыты) кәсіпорындары мен фермер­лік «Жайлау» базарына барып, жергілікті ауыл кәсіпкерлерімен кездесті. Аталған фермерлік базар тікелей сауда жүргізудің жарқын үлгісі ретінде аталып, мұндай бастамалар ауыл шаруашылығы өні­мін делдалсыз өткізуді жеңілдететіні, бағаны тұрақтандыруға және табысты арттыруға ықпал ететіні айтылды. Дегенмен, ауыл шаруа­шылығын қаржыландыру көле­мінің ұлғайғанына қарамас­тан (2024 жылы – 517,1 млрд теңге), оның ішінде қайта өңдеуге бөлін­­ген қаржы мардымсыз – небәрі ­15 млрд теңге немесе 3%-дан аз. Бұл салада қосылған құн тізбегін толық қалыптастыруға мүмкіндік бер­мейді. Қаржының негізгі бөлігі егін шаруашылығына (123,3 млрд тг), мал шаруашылығына (99,4 млрд тг) және қаржы құралдарына (279,4 млрд тг) бағытталған. Алайда бұл деңгейдегі қолдауға қарамастан, отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету көрсеткіштері жеткіліксіз күйінде қалып отыр. Мәселен, еліміз өзін қантпен – 34,9%, ірімшік және сүзбемен – 52,9%, балықпен – 54,2%, шұжық өнімдерімен – 60%, алмамен – 63,2%, құс етімен 79,8% ғана қамтамасыз етіп отыр. Бұл көрсеткіштер жоспарланған 2024 жылғы индикаторлардан төмен.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі небәрі 5 млн доллар болса, импорт 6,7 млн долларға жеткен. Сөйтіп, 1,7 млн доллар көлемінде теріс сауда сальдосы қалыптасқан. Осы мәселелерді шешудің маңызды құралы ретінде «Ауыл аманаты» жобасына ерекше назар аударылды. Бірақ 2024 жылға жоспарланған 100 млрд теңгенің тек 20 млрд теңгесі ғана өңірлерге жетіпті. Жоспарланған 16 484 микрокредиттің тек 678-і берілген. 17 472 жұмыс орнының орнына небәрі 961-і құрылған. Осы­ған байланысты Ұлттық экономика министрлігі аталған жобаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен біріктіріп, бірыңғай кешенді бастама ретінде іске асырмақшы. Бұл – дұрыс бағыттағы қадам, дегенмен бағдарламаларды тиімді үйлестіру мен іске асыру тетіктерін жетілдіру – күн тәртібіндегі маңызды міндет.

Көшпелі отырыс қорытын­дысында қатысушылар ауылдық жерде өнімді сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізуге арналған өңірлік инфрақұрылымдарды дамыту қажет екенін атап өтті. Кооперацияны ынталандыру, фермерлік жәрмеңкелерді кеңейту, цифрлық сауда алаң­дарын дамыту және тікелей келі­сім­­шарттар жүйесін жолға қою да ұсынылды.

Ауылда өндірілген өнімді өткізу – жай ғана нарықтық үдеріс емес, ол ауылдағы халықтың тұрмыс сапасына, азық-түлік қауіпсіздігіне, ішкі нарықтың тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Президент айтқандай, ауылды қолдаусыз – экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылық туралы айту қиын. Сондықтан бүгінде нақты шешімдер мен жүйелі қадамдар қажет.

Ернұр ӘЙТКЕНОВ,
Парламент Сенатының депутаты

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.