Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Көлік кілті – бостандық құны: Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған блогерді кешірді
Жаңалықтар

Көлік кілті – бостандық құны: Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған блогерді кешірді

16.06.20251 951 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты ақын Мұқағали Мақатаевты қорлады деп айыпталған блогер Алишер Теменовке қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Бүгін, 16 маусым күні, ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев сотта блогерді кешіріп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұған дейін ол моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіруді талап еткен болатын.

Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне шыққан сәтте блогер Жұлдыз Мақатаевқа екі миллион теңге қолма-қол беріп, автокөлігінің кілтін де тапсырды. Сонымен қатар тағы бір миллион теңгені он күн ішінде төлеуге уәде беріп, кейіннен көлігін қайтарып алатынын айтты.

Алишер Теменов өз сөздеріне байланысты барша халықтан кешірім сұрап, арнайы видео жариялайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, былтыр 8 қазанда блогер Алишер Теменов ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын ауыр сынға алып, оны «сорлы еркек» деп атағаны қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Осыған байланысты ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев блогерді сотқа берді. Іс Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында, судья Бейнегүл Қайсынаның төрағалығымен қаралып жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 131-бабы 2-бөлігі — «Қорлау» бойынша қаралды.

Теменов сотқа өзінің қоғамдық қорғаушысы Мейірман Шекеевпен бірге келді. Ол әлі адвокат таппағанын айтты. Сонымен қатар блогер сот залында бейнежазба жүргізуге қарсылық білдірді.

Қорғаушы Шекеевтің айтуынша, Теменов ақынның туған жері — Қарасаз ауылының тұрғындарынан кешірім сұраған. Алайда Жұлдыз Мақатаев бұл жеткіліксіз екенін айтып, жалпы халық алдында әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрауды және моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төлеуді талап етті.

– Менен әлі күнге дейін ешкім кешірім сұраған жоқ. Әкем Мұқағали бір кездері: «Балам, мені халық айыптасын, себебі мен жай ғана адаммын. Бірақ мен шығармашылығымды қаралаған адамды кешірмеймін» деп айтқан, — деді ақынның ұлы сот отырысында.

Бірақ бүгін сот татуласумен аяқталды. Сотта Теменов «екі жақ келісімге келгенін» айтты.

«Кінәмді толық мойындаймын және кешірім сұраймын. Екі жақ келісімге келдік, сол себепті істі қысқартуды сұраймын. Қазір көлігімде екі миллион теңге бар. Қалған бір миллионды он күннен кейін әкеліп беремін. Оған дейін көлігімнің кілтін қалдырып кетемін. Қалған ақшаны берген соң көлігімді қайта аламын», — деді ол.

Сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатып, Теменовті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Азаматтық талап та тоқтатылды. Бірақ сот оның «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық» туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.