Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды
Жаңалықтар

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202594 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласына ұшып келген соң көз жұмған баланың өлімі үшін сот әуекомпания мен әуежайды кінәлі деп таныды.

Талапкердің айтуынша, ұшақ Алматыға қонғаннан кейін әуежай қызметкерлері кома жағдайындағы баланы арба арқылы тасымалдауды ұсынған. Алайда бұл арба медициналық талаптарға сай болмаған.

Баламен бірге жүрген дәрігер мен ата-анасы арнайы реанимобиль әуежай аумағына кіре алмаған. Осы себепті баланы ұшақтан терминалға амбулифтпен – қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған құралмен жеткізген. Бірақ бұл техника ауыр хәлдегі науқастарға арналмаған.

Нейрохирургтың қорытындысына сәйкес, бала өздігінен қозғала алмайтын жағдайда болған және паспорттық бақылаудан медициналық пункт арқылы өтуі қажет еді. Дегенмен ол стандартты жолмен – шекаралық бақылау мен суретке түсіру рәсімі арқылы өткізілген.

Сот шешімінде көрсетілгендей, әуекомпания баланың жағдайынан хабардар бола тұра, әуежайға реанимобиль қажет екенін ескертпеген. Қызметтер арасындағы байланыстың болмауы қажетті көмектің дер кезінде көрсетілмеуіне себеп болған.

«Шекаралық бақылау кезінде кератитпен ауырған баланың көзіндегі қорғаныш таңғышы мәжбүрлі түрде алынып, суретке түсірілген. Келесі күні бала ауруханаға екіжақты пневмоторакс диагнозымен түскен. Ақпан айында ол қайтыс болды», делінген сот материалдарында.

Сот талапты жартылай қанағаттандырып, «Э» деп белгіленген әуекомпаниядан моральдық зиян үшін 5 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарды. Алайда бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, сот құжаттарында әуекомпания мен әуежайдың нақты атауы аталмаған – тек «Э» әуекомпаниясы» мен «халықаралық әуежай» деп көрсетілген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202674 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.