Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Биыл еліміздегі егіс алқабының көлемі 23,7 млн гектарға дейін жеткізіледі
Жаңалықтар

Биыл еліміздегі егіс алқабының көлемі 23,7 млн гектарға дейін жеткізіледі

13.05.2025745 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биыл жалпы егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайтынын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: нәтижесінде 2 жыл ішінде бидай алқаптарын 750 мың гектарға қысқартуға қол жеткізілді, ал жемшөп және майлы дақылдардың егіс алқаптары биыл 3,3 млн гектарға жетеді, бұл ретте күнбағыс алқабы алғаш рет 1,4 млн гектарды құрағалы отыр.

«Дәнді және бұршақ дақылдарын 16,6 млн гектарға орналастыру жоспарлануда. Мақта алаңы 135 мың гектар болмақ, оның ішінде дәстүрлі әдіспен өсірілетін алаң 21,4 мың гектарға қысқарып, 85 мың гектарды құрайды. Бұл ретте, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен қытайлық Синьцзян Лихуа компаниясының ортақ жобасын есебінен тамшылатып суарылатын мақта алаңы 50 мың гектарға ұлғаяды», – деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, жаздық дақылдарды жаппай егу басталды, бұл ретте барлық өңірлер егу жұмысына кірісті. АШМ деректері бойынша барлығы 3,7 млн гектар, оның ішінде дәнді дақылдар – 2 млн гектар, жемшөп – 300 мың гектар, майлы дақылдар – 888 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары және картоп – 195 мың гектарға егілді. Мақта мен қант қызылшасын себу жұмысы аяқталып қалды.

«Күздік дақылдарға келетін болсақ, 2025 жылдың егініне күздік дәнді дақылдар 405,7 мың га алаңға егілді. Олардың 74%-ы жақсы, ал 23%-ы қанағаттанарлық жағдайда», – деп нақтылады Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністерді жинау басталды. Атап айтқанда, Түркістан облысында 1,2 мың гектар алқаптан 38,3 мың тонна қырыққабат жиналды.

Биыл 580 мың тоннаға жуық ерте пісетін көкөніс жинау жоспарланып отыр, бұл жаңа өнім жинауға дейінгі маусымаралық кезеңде ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.