Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Presight компаниясы Астанада өңірлік кеңсесін ашты
Жаңалықтар

Presight компаниясы Астанада өңірлік кеңсесін ашты

13.05.202591 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы негізгі бастамаларды іске асыру мақсатында Presight компаниясы Астанада кеңсе ашып, елдегі жобаларды қолдап, операциялық қызметін кеңейтуде. ЭКСПО аумағында орналасқан жаңа кеңсе Presight компаниясының БАӘ-ден тыс шетелдік өкілдігі болып табылады және Орталық Азиядағы өңірлік хаб ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Қазіргі уақытта кеңседе 40-тан астам қазақстандық маман еңбек етуде, бұл жергілікті кадрларды дамыту мен елдің цифрлық трансформациясына компанияның қосқан үлесін көрсетеді.

Presight жобалары Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайта түсуде. Астанадағы Alem.AI орталығы базасында елорда инфрақұрылымының зияткерлік өзегіне айналатын ахуалдық орталық құрылады. Бұл заманауи платформа энергетика, қоғамдық қауіпсіздік және қалалық инфрақұрылымды басқару сияқты негізгі салаларда интеллектуалды мониторинг пен шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

«Астанада кеңсе ашу – Presight-тің халықаралық кеңеюіндегі маңызды кезең. Қазақстан – Presight өз қызметін БАӘ-ден тыс бастаған ел. Бұл елдің цифрлық трансформациясын қолдауға және жасанды интеллект дамуына деген берік ұстанымымызды білдіреді. ЭКСПО аумағындағы шетелдік кеңсеміз Қазақстанның стратегиялық көрегендігіне, көшбасшылығына және адами капиталына деген сенімімізді көрсетеді. Жергілікті сараптаманы дамытып, елдің ақылды және технологиялық болашағына үлес қосатынымызға қуаныштымыз», – деді Presight бас директоры Томас Прамотедхам.

Астанадағы «ақылды қала» жобасы Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтады және цифрландырудың жаһандық деңгейдегі үлгісіне айналады. Жоба қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, қалалық инфрақұрылымды нақты уақыт режимінде тиімді басқаруға, тұрақты энергия тұтынуға және азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған сервистерді дамытуға бағытталған. Жобаның 60%-ы қазақстандық жеткізушілердің қатысуымен жүзеге асады, бұл жергілікті бизнестің белсенділігін және ел экономикасына қосқан үлесін айқындайды.

Анықтама

Presight – Абу-Даби қор биржасында (ADX) тіркелген, мажоритарық акционері G42 – бұл БАӘ-де орналасқан жетекші технологиялық топ. Presight – жасанды интеллект технологияларына негізделген үлкен деректерді талдау саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания экономикалық дамуға және қауіпсіз, салауатты және тұрақты қоғамды қалыптастыруға ықпал ететін шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету үшін AI, аналитика және әртүрлі деректерді түсіндіру саласындағы сараптаманы біріктіреді. Генеративті AI негізіндегі шешімдер желісінің көмегімен Presight мемлекеттік және жеке ұйымдарға AI стратегияларын тезірек жүзеге асыруға және маңызды нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.20251 859 Views

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025206 Views

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025308 Views
Соңғы жаңалықтар

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.2025

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025

Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді

05.06.2025

Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

05.06.2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.