Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды
Жаңалықтар

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

06.05.2025147 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқуын қайта жалғастыру үшін eGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім бере алады. 

Ол үшін eGov.kz порталы арқылы өтінім беру жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіледі және кемінде бір семестр оқуды аяқтағандарға қолжетімді болады.

Бұрын оқуды қайта жалғастыруға өтініш беру процедурасы күрделі болған. Оны барып тапсыру талап етілетін. Үміткерлер оқу орнына өтініш беріп, жеке куәлік, транскрипт, қызмет орны сипаттамасы, фотосурет, әскери куәлік көшірмесі және басқа да құжат пакетін жинауы керек еді.

Енді процесс жеңілдетілді: онлайн түрде өтініш беріп, қажетті құжаттардың көпшілігі мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі.

Айта кетерлігі, оқу орнынан шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде ғана өтініш беруге болады. Егер бұл мерзім аяқталса, оқу орнында қалпына келтіру мүмкін емес.

Көрсетілетін қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» — «Әскери есепке алу және қауіпсіздік» — «Әскери қызмет» бөліміне өту керек;
  • «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қалпына келтіру» көрсетілетін қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басуға тиіс;
  • оқу орнын таңдап, оқудан шығарылғаннан бері қанша уақыт өткенін көрсетіп, жеке деректерін пайдалануға келісім береді;
  • тұратын мекенжайын көрсетіп, құжаттарды қосады;
  • қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қояды;
  • қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Өтінімді қарау мерзімі 20 жұмыс күні. Оң шешім қабылданса, нәтиже пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық форматта жіберіледі. Егер қалпына келтіру мүмкін болмаса, студент те дәлелді бас тарту хатын алады.

Жаңа көрсетілетін қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ және Қорғаныс министрлігінің ынтымақтастығымен іске қосылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026193 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026218 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.