Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Су ресурстарын басқарудың Бас және бассейндік жоспарларын әзірлеу көзделген
Жаңалықтар

Су ресурстарын басқарудың Бас және бассейндік жоспарларын әзірлеу көзделген

05.05.2025349 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жаңа Су кодексі әзірленді. Құжатта негізгі 5 қағида көрсетілген. Мәселен, су қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып табылады. Екіншіден, су ресурстарын пайдалануда олардың экономикалық құндылыған тану. Үшіншіден, жер үсті және жер асты су ресурстарын кешенді пайдалану. Сондай-ақ кодексте су ресурстарын тиімді және ұтымды үнемдеу көзделген. Бесіншіден, су қорын пайдалану мен қорғау мәселелерін шешуге қоғамды тарту. ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, жаңа Су кодексінде су ресурстарын басқарудың Бас және бассейндік жоспарларын әзірлеу көзделген. Сонымен қатар қауіпті гидротехникалық құрылыстарды жан-жақты тексеріп, олардың қауіпсіздігі декларацияларын дайындау міндеті көрсетілген.

«Бұдан бөлек, су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті заңнамалық деңгейде күшейту көзделді. Су ресурстарын басқару органдарына су үнемдеу жоспарлары орындалмаған жағдайда  жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін бақылау функциялары енгізілген. Су нарығындағы «көлеңкелі» әрекеттермен күресу үшін өз бетінше су пайдалануға жол бермеу және су обектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салу талаптарын сақтау бойынша бақылау күшейтілді», – деді спикер.

Жаңа Су кодексінде ауыл шаруашылығындағы судың өнімсіз шығындарын азайту мәселелері қарастырылған. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің су пайдалануды жоспарлау, су пайдалану жоспарлары, ғылыми негізделген егіс айналымы және бөлінбейтін мүлікті бірлесіп пайдалану бойынша міндеттер белгіленген. Климаттың өзгеруіне байланысты елде су тапшылығы мен су тасқыны қауіптері күтіледі. Осыған байланысты су секторын климаттық өзгерістерге бейімдеу жөніндегі шаралар регламенттелген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202674 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.