Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Бақытты отбасының болмысы
Жаңалықтар

Бақытты отбасының болмысы

23.04.2025648 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Адам жаратылысы күрделі. Ол әркез сүйіспеншілік, таңғалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат, т.б. сезімдер жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақты­лық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай біл­ген адам өкінішке ұрынбайды. Яғни жо­ғарыдағы әрқилы сезім құбылысын тізгіндеп, реттей білген кісі бақытты отбасын құра алады.

Ішкі сезімі құбылмалы пенделер құрған шаңырақ ұзақ ғұмырлы болуы қиын. Сондай-ақ өзімшіл, тәкаппар адамдар да отбасы бақытын толық түсіне алмайды. Өйт­кені отбасы бақыты – мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделген.

Адам баласының өмірін тулап-толқып, буырқанып жатқан теңізге теңесек, сол бір асау бұйра жал-жал толқындардың соғуынан шаршаған пенде бір сәт, жайлы ыстық құм төселген жып-жылы жағажайға барып дем алғысы келеді. Жайлы отбасы дегеніміз – сол бір ыстық жағажай. Адам арпалысып жатқан тірліктен шаршағанда, барып жан тыныштығын табатын орын – отбасы. Өйткені отбасында сыртқа шықпайтын қайғы-мұң, қуаныш-реніш тарқайды. Яғни жайлы отбасында бөліске түскен қуаныш көбейеді, қайғы азаяды.

«Адамдар не үшін отбасын құрады?» деген сұраққа Батыс писхологтері: «Өмірді бөлісу үшін үйленеді» деп жауап беріпті. Яғни өмір – әркез теп-тегіс, жап-жақсы бақытты, шаттықты күндерден тұрмайды. Бақытты отбасы дегеніміз – бірін-бірі түсіне алатын, үнсіз сыйласа білетін жұптар. Тү­сінісу деген – тұрмыста кездеспей қой­май­тын қайшылықтарды ушықтырмай, ұрыс-керіссіз шешу. Әрине, адамдар бір-бі­ріне ұқсамайды. Сөйте тұра бір-біріне ұқ­са­майтын екі адамның ортақ жанұя құрып, өмір сүруі де оңай шаруа емес.

Бақытты отбасының белгісі – ерлі-зайыптылар бір-біріне тәуелді емес, алайда бір-біріне адал, жіпсіз байланған түрде өмір сүруге дағдылануы. Бұл беріктік екі жұптың жан дүниелерінің жақындығы және сезім тазалығы арқасында орнайды. Осы адалдық пен беріктік жанұяға ерекше серпін беріп, көңілге шаттық ұялатады.

Егер бұлай болмаған жағдайда, олар сырт көзге күліп-ойнап, шаттықта жүрген сияқты көрінгенімен, рухани тұрғыдан жүдеу, қиындық тап келсе құлауға дайын тұрады. Мұның соңы екі жақтың ажырасуы­на апарып соғады. Шаңырағы шайқалған жарымжан жандардың рухы күйзеліп, халі нашарлайды. Мұндай күйге ұшыраған тұста дүние мен ақырет, ақыл мен жүректің тепе-теңдігін сақтау қиындай түседі.

Бақытты отбасында ерлі-зайыптылар өздеріне тән жақсы қабілеттерін тұмша­ламай, бірін-бірі бағалап, санасып отырады. Мәселен, ері әйелінің өзгермелі кездеріндегі сезім ауытқушылығына жылы шырай танытып, көңілін аулайды. Әйелі де күйеуінің жұмыстан арқалап келген ауыртпашылығын ұмыттырып, жұбата біледі. Отбасындағы талас-тартыс есікті жапқан кезде сыртта қалуы керек. Ішке кірген бүлік отбасын бүлдіреді. Сол себепті отбасында қандай бір кішкентай түсініспеушілік пайда бола бастаса, оны тезірек сыртқа шығарып тастау керек.

Бірін-бірі құрметтейтін жанұялар шешім қабылдар кезде ақылдасып, ортақ жақсы жолды таңдайды. Бұлай істеу отбасылық келіспеушілік пен кикілжіңге жол бермейді, талас-тартыс пен жанжалдың алдын алады. Нәтижесінде, ортақ ақылдасудың жемісі – жанұяға шырай беріп тұрады.

Өмірде көп кездесетін мәселе – бақытты отбасы құру үшін қоғамда дара тұлға болу шарт емес. Қоғамда тұлғалар көп болғанымен, үлгі-өнеге алатындары шамалы. Осындай бетке ұстар тұлғалардың үлгілі отбасы құруға дәрменсіздігі, олардың өміріне құнсыз түсініктер басымдыққа ие болуынан. Олар отбасы мәселесінде, еркек пен әйелді бөліп-жарып, әрқайсысына жеке-жеке маңыз жүктеп, бала мен жігітті бөлек-бөлек санатқа жіктеп, осы бөліністі бір-бірімен байланысы жоқ деп түсіну – өте қате. Мұндай түсінік бар жерде отбасылық ынтымақ сақталмайды. Шын мәнінде, еркек пен әйел бүтін заттың екі бөлігі болғаны сияқты жастық, балалық, жігіттік, қариялық… кезеңдер бірінен бірін бөліп қарайтын бөлек категориялар емес, өзен сияқты үзіліссіз ағып жатқан өмірдің заңды жалғасы іспетті. Осыны толық түсініп, осыған бейімделіп, амал жасаған отбасы ғана бақытқа бөленеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.