Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бейнеттің зейнеті қандай?
Жаңалықтар

Бейнеттің зейнеті қандай?

23.04.2025296 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Биылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша, елімізде 2 млн 465 мың адам зейнеткер. Олардың зейнетақысына өткен үш айда республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңге бөлінді.

Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгеге, оның ішін­де ынтымақты зейнетақы сомасы 95 963, базалық зейнетақы 47 659 теңгеге жетті. Ұлттық банк айқындайтын ин­фляцияның болжамды деңгейіне сәй­кес, биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 6,5%-ға, ын­тымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни ин­фляция деңгейінен 2%-ға артық ұлғай­тылды. Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес 2023 жылдан бері, бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс дең­гейінің 70%-на дейін, ең жоғарғы – 120%-ға дейін ұлғайту кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін артып, 32 360 теңге болса, ең жоғары мөлшері төмен күнкөріс деңгейінен, яғни 105%-дан 110%-ға дейін көбейіп, 50 851 теңгеге жетті.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2018 жылғы 1 шілдеден бас­тап зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке та­ғайын­­далады. 1998 жылғы 1 қаңтар­дағы жағдай бо­йынша тұрақты жұмыс істеген уақыты сондай-ақ міндет­ті зейнет­ақы жарнасы (МЗЖ) төленген кезеңі еңбек өтіліне қосылады.

Бейнеттің зейнеті қалай есептелетіні көпшілікті қызықтыратыны анық. Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі яғни ай сайынғы салымы тұрақты болып, үзіліссіз 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жиналмаса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына есептеледі. Одан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Егер өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс дең­гейінің ең жоғары, яғни 110% көлемінде бел­гіленеді.

Бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір ай болып есептеледі. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты әрі толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым артады. Азаматтардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай), сондай-ақ зейнет жасына жеткенге дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына қарай есептеледі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы (ЖМЗЖ) енгізілді. Жұмыс ұсынушы қызметкерлерінің зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен төлейді. Былтыр ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5% болса, биыл 2,5%-ға артты. 2028 жылға дейін 5%-ға жеткізу көзделген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 4,9 млн жұмыскердің пайдасына 329,1 млрд теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын аударған. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді зейнетке шыққаннан өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етеді. ЖМЗЖ-ны жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған азаматтарға ғана аударады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025841 Views

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025329 Views

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025610 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

10.07.2025

Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде

10.07.2025

Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді

10.07.2025

2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

10.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.